Қордай ауданының орталығы Қордай ауылының шекарасын (шегін)өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 318 қаулы және Қордай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 31-3 шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 08 қазанда 102 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5 тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қордай ауданың орталығы Қордай аулының шекарасы (шегі) Қордай ауылдық округінің қарамағына барлығы 1136,09 гектар, соның ішінде 910,61 гектар айдалмалы, 219,35 гектар жайылым, 6,13 гектар басқа жер учаскелері босалқы жер қорынан алынатын ауылшаруашылығы алқаптары есебінен өзгертілсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудан әкімінің
      сессиясының төрайымы міндетін атқарушысы
      Қ.Қыпшакбаева А.Афанасьев
      Аудандық мәслихат хатшысы
      Т.Сүгірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады