Өтеген ауылындағы Пионер және Комсомол көшелерінің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қазандағы N 37 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 16 қарашада 109 нөмірімен тіркелді

        РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы Заңының 14- бабының 4) тармақшасына сәйкес және Өтеген ауылындағы Пионер және Комсомол көшелері тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШЕМІН:
      1. Өтеген ауылындағы «Пионер» көшесінің атауы Тілеміс атындағы көше болып және «Комсомол» көшесінің атауы Жастар атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі             М. Токенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады