Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерiн бекiту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2010 жылғы 17 қарашадағы № 33-4 Шешімі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 26 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 61 болып енгізілді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 42-6 шешімімен

      Ескерту.Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 42-6 шешімімен

      «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      1.Қоса берiлiп отырған Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi бекiтiлсiн.
      2.«Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға берілетін бір жолғы тұрғын үй көмегін көрсету Тәртібін бекіту туралы» Төртінші шақырылған Мойынқұм аудандық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 6-8 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6-7-36 тіркелген, 2008 жылдың 15 мамырындағы № 39-40 (5283 - 84) аудандық «Мойынқұм таңы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      Осы Шешiм Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Мойынқұм аудандық мәслихат                 Мойынқұм аудандық
      сессиясының төрайымы                       мәслихатхатшысы:
      Г.Кемелькұлова                             Ш. Исабеков

Мойынқұм аудандық мәслихатының
2010 жылғы 17 қарашадағы
№ 33–4 шешімімен бекітілген

Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мойынқұм ауданы бойынша табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсету Ережелерi (әрi қарай - Ережелер) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қаулысына (әрi қарай - Қазақстан Республикасы Үкiметiмен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi) сәйкес әзiрленген.
      2. Осы Ережелерде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      коммуналдық қызметтер - тұрғын үйде (тұрғын жайда) көрсетiлетiн және сумен жабдықтауды, канализацияны, газбен, электрмен, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қамтитын қызметтер;
      қызмет көрсетудi берушi - электрмен жабдықтаумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жабдықтаумен, канализациялаумен айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету бойынша қызмет көрсету, абоненттерi мен кондоминиум объектiлерiне қызмет көрсету - жылу және электр энергиясын жеткiзу болып табылады;
      өтiнiш иесi (жеке тұлға) - жеке өзiнiң немесе отбасының атынан тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш берген адам;
      уәкiлеттi орган – «Мойынқұм ауданы әкiмдiгiнiң жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi.
      3. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет есебiнен аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар төлемiн;
      тұрғын жайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiн;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге көрсетiледi.
      Мойынқұм ауданындағы тұрақты тұратын адамдарға кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сай, бюджет қаражаты есебiнен кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, күрделi жөндеуге жұмсалатын коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi көрсетiледi.
      4. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектiлерiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерін тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Отбасының шектi ұйғарынды шығындардың үлесi отбасының жиынтық табысының 10 пайыз мөлшерiнде белгiленедi.
      5. Ресми расталмаған табыс жұмысқа жарамды отбасының (азаматтың) әрбiр мүшесiнінің жеке өтінішіне сәйкес есепке алынады.
      6. Белгiленген нормадан жоғары кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге, коммуналдық қызметтердi тұтыну төлемiн, тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн ақы төлеу жалпы негiздерде жүргiзiледi.
      7. Жеке меншiгiнде бiреуден артық тұрғын жайы (үйi, пәтерi) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға тапсыратын табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
      Мүгедектердi, магистратураны қоса алғанда, күндiзгi оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттердi, тыңдаушылар мен курсанттарды, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi, он алты жасқа дейiнгi бала кезiнен мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейiнгi балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарда тiркелмеген, еңбек iстеуге қабiлетi болса да жұмыс iстемейтiн адамдары бар табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

      8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн азамат (отбасы) уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тұрғын үй көмегiн көрсетудiң ережелерiнде көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
      Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажеттi құжаттар салыстыру үшiн көшiрме және түпнұсқада ұсынылады, одан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.
      9. Тұрғын үй көмегiнiң мөлшерi кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтердi қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге кеткен нақты шығындардың сомасынан асырыла алмайды.
      10. Тұрғын үй көмегiн алушы кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуден өткiзген жағдайда, есеп кондоминиум объектiсiнiң қатысушыларының тiркелген үлесiне сәйкес жүргiзiледi. Өтемақыны өтеу ағымдағы немесе күрделi жөндеудiң бiр түрi бойынша бiржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
      11. Отбасының кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шектi ұйғарынды шығындардың үлесi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын тағайындалған тұрғын үй көмегiн қайта санауды жүргiзедi.
      12. Тұрғын үй көмегiн алушылар он күн iшiнде қандай да болсын тұрғын үй меншiгi нысандарының, отбасы құрамының, жиынтық табысының өзгергендерi туралы және тұрғын үй көмегi мөлшерiне әсер ететiн басқа да факторлар туралы, сондай-ақ, тұрғын үй көмегiн дұрыс емес есептеген жағдайда уәкiлеттi органға хабарлайды.
      13. Тұрғын үй көмегiнен заңсыз алынған сомалар алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда – сот тәртiбiмен қайтарылуға жатады.
      14. Тұрғын үй көмегiн тағайындау кезiнде келесi өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтердi тұтынудың нормалары ескерiледi:
      1) өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормалары:
      жеке басты азаматтар үшiн – 30 шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң мөлшерiнен аз емес және нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      екi және одан да көп адамнан тұратын – отбасының әр мүшесiне 18 шаршы метр, бiрақ нақты алып жатқан алаңынан артық емес;
      2) электр қуатын тұтыну нормалары (бiр айда):
      бiрден бес адамға дейiнгi отбасына – отбасының әрбiр мүшесiне 80 киловатт;
      бес және одан да көп мүшелi отбасына – 400 киловатт;
      3) Қатты отынды жергілікті жылу берілетін жекеменшік үйлерде тұратын аз қамсыздандырылған отбасыларға тұрғын көмегін есептеу үшін әлеуметтік тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны 1 шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерінде есепке алынады. Қатты отын құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегі есептелген алдыңғы тоқсандағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша аудандық ақпарат және статистика басқармасының ұсынған аудан бойынша орташа баға пайдаланылады.
      Коммуналдық қызмет тұтыну нормалары табиғи монополияларды (монополистiк қызметтi) реттеу бойынша аумақтық уәкiлеттi орган қолданатын, көрсетiлетiн қызметтерге тарифтердi (бағаларды) бекiткен кездегi коммуналдық қызметтердi босату нормаларына баламды.

3. Тұрғын үй көмегiн төлеу тәртiбi

      15. Кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеу және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға жұмсалатын жарналар, коммуналдық қызметтердi тұтыну, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеуге шығындарды өтеу өтемақы соммалары уәкiлеттi органмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы алушылардың өтiнiштерi бойынша тиiстi қызмет көрсетушiлердiң (қызмет жабдықтаушылардың) есеп шотына аударылуы мүмкiн.

4. Қорытынды ережелер

      16. Осы ережелермен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады