РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 және 20 баптарының негізінде, сондай-ақ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Т. Рысқұлов ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі № 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. 2010 жылға арналған қоғамдық жұмыс түрлері, көлемі мен нақты жұмыс жағдайлары, қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныстар мен ұсыныстар № 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. «Т. Рысқұлов аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Шардарбек Әмреқұлұлы Қосалов), ауылдық округтердің әкімдері азаматтарды қоғамдық жұмысқа тартқан кезінде нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды ескерсін.
4. Қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтардың еңбек ақысы «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен белгіленген ең төменгі жалақы көлемінің 1,5 еселенген мөлшерінде белгіленсін.
5. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Берік Саттарұлы Әліпбаев), қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджеттен уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Райжанұлы Іңкәрбековке жүктелсін.
7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Нұралиев
«КЕЛІСІЛДІ»:
«Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Жолдас Бақытжан Жолдасұлы
10 қаңтар 2010 жыл
«Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің
Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы полиция подполковнигі
Исабеков Бақберген Айтжанұлы
10 қаңтар 2010 жыл
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 10 қаңтар
№ 1 қаулысына № 1-қосымша
2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы аймақтардағы ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
1. «Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
2. «Т. Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
3. «Т. Рысқұлов ауданы Қорағаты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
4. «Т. Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
5. «Т. Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
6. «Т. Рысқұлов ауданы Новосел ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
7. «Т. Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
8. «Т. Рысқұлов ауданы Ленин ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
9. «Т. Рысқұлов ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
10. «Т. Рысқұлов ауданы Құмарық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
11. «Т. Рысқұлов ауданы Өрнек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
12. «Т. Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
13. «Т. Рысқұлов ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
14. «Т. Рысқұлов ауданы Көгершін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
15. «Т. Рысқұлов ауданы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі;
16. Т. Рысқұлов ауданы әкімінің «Құлан–Тазалық» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
17. «Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
18. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
19. «Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
20. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Т. Рысқұлов аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
21. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің «Жасыл-Құлан» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
22. Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны.
23. Т. Рысқұлов аудан әкімінің «Құлан-су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны.
Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 10 қаңтардағы
№ 1 қаулысына № 2-қосымша
2010 жылға арналған ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
№ |
Жұмыс түрлері |
Нақты жұмыс түрлері |
Көлемі |
Қаржы көздері |
Сұраныс |
Ұсыныс |
1 |
Аудан аумағын экологиялық сауықтыру (көріктендіру, көгеріштендіру және тазалық жұмыстары) |
1. Арық тазалау |
80 шақырым |
Жергілікті бюджет |
190 |
190 |
2 |
Жасыл ел бағдарламасы және ауыл әкімдерінің ұйымдастыруымен егілген талдардың сақталуын қамтамасыз ету |
Күзету, суғару, күту және ретке келтіру |
180 гектар |
Жергілікті бюджет |
30 |
30 |
3 |
Республиқалық және аймақтық науқандар өткізу шараларына қатысу және қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу |
1. Сауалнама жүргізу |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті бюджет |
10 |
10 |
4 |
Бюджеттік мекемелердегі қысқа мерзімге дайындауға қатысу, соғыс ардагерлермен мүгедектерге, жалғызбасты қарттарға жәрдемдесу |
1. Ағымды жөндеу |
Қажеттілігіне сәйкес |
Жергілікті бюджет |
16 |
16 |
5 |
Барлығы |
246 |
246 |