РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Луговой ауылындағы Интернациональная көшесі тұрғындарының пікірін ескере отырып және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Луговой ауылындағы Интернациональная көшесі "Әділұлы Самархан" атындағы көше болып өзгертілсін.
2. Осы шешімінің орындалуын өзімде қалдырамын.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап заңды күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімінің
міндетін атқарушы: У. Сариев