2011 жылы Шу ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуді жүргізуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Шу ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 8 Шешімі. Жамбыл облысы Шу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 30 желтоқсанда 102 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1 тармағының 13 тармақшасы негізінде, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 2, 3тармақтарына және «Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. «Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы К.Ердосовқа (келісім бойынша) шақыру учаскесінде 2011 жылдың қаңтар-наурыз айларында Шу ауданының аумағында тұратын 1994 жылы туылған еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеу және әскери оқу орындарына түсу үшін кандидаттарды іріктеу жүргізу ұсынылсын.
      2. Шу қаласы мен ауылдық, селолық округтердің әкімдері «Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне азаматтарды тіркеуге шақырылғаны туралы хабардар етіп, тіркеу жүргізу учаскесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      3. «Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесімен келісілген кесте бойынша ауданның білім беру мекемелерінде оқитын 1994 жылғы туылған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесіне уақтылы және ұйымшылдықпен жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. «Әскери - дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидасын және әскери – дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қаңтардағы № 44 Қаулысымен белгіленген тәртіппен азаматтарды әскери-дәрігерлік сараптамадан өткізу ұйымдастырылсын.
      5. «Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Шу аудандық Ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Ш. Жапабаевқа (келісім бойынша), әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіру және ұстау өз құзыреті шегінде жүзеге асыру ұсынылсын.
      6. Осы Шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Ускумбаеваға жүктелсін.
      7. Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ. Жабағиев

«КЕЛІСІЛДІ»

«Жамбыл облысы Шу ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
К.Ердосов
29.11.2010 жыл

«Жамбыл облысы Ішкі істер
департаментінің Шу аудандық Ішкі
істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ш.Жапабаев
29.11.2010 жыл


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады