Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Бірлескен Қарағанды облысы әкімдігінің 2010 жылғы 07 маусымдағы N 16/02 қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының XХV сессиясының 2010 жылғы 17 маусымдағы N 309 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 16 шілдеде N 1881 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 3, 811 баптарына сәйкес, Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкімдіктері мен мәслихаттарының бірлескен қаулылары мен шешімдерінің негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарағанды облысының Жезқазған қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Талап селосының құрамына қоса отырып Ескі Талап бөлімшесі таратылсын;
      2) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және олардың аумағын Малшыбай селосының құрамына қоса отырып Балабай, Өткелбай, Қарабұлақ бөлімшелері таратылсын;
      3) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және олардың аумағын Түйемойнақ станциясының құрамына қоса отырып Кеңгір селолық округінің N 310, N 323, N 335 разъездері таратылсын;
      4) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Кеңгір селолық округінің Теректі станциясының құрамына қоса отырып N 359, N 370 разъездері таратылсын;
      5) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Кеңгір селолық округінің Қорғанбай бөлімшесінің құрамына қоса отырып Кеңгір селолық округінің Рыбопитомник бөлімшесі таратылсын.
      2. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ботақара селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Ботақара селолық округі таратылсын;
      2) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Суықсу селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Суықсу селолық округі таратылсын;
      3) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ақөре селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Ақөре селолық округі таратылсын;
      4) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Қарақұдық селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Қарақұдық селолық округі таратылсын;
      5) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Молодецкое селосының әкімшілік бағынысына қоса отырып Молодецкий селолық округі таратылсын.
      3. Қарағанды облысының Нұра ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Сарыөзен селолық округінің Тікенекті селосының құрамына қоса отырып Жүкей селосы таратылсын.
      4. Қарағанды облысының Шет ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) елді мекен мәртебесін жоғалтуына байланысты соңынан деректерді есепке алудан шығара отырып және оның аумағын Ақадыр кентінің әкімшілік бағынысына қоса отырып Подхоз қосалқы шаруашылығы таратылсын;
      2) Ақжал кентінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің құрамында орналасқан елді мекенге "Аяқши" атауы берілсін, есепке алу және тіркеу деректеріне қоса отырып ауыл санатына жатқызылсын.
      5. Бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау "Қарағанды облысы әкімінің орынбасарларын облыс өңірлеріне бекіту туралы" облыс әкімінің 2010 жылғы 26 ақпандағы N 21ө өкіміне сәйкес, облыс әкімінің орынбасарларына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және тұрғындарды әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      6. Осы "Қарағанды облысы Жезқазған қаласының, Бұқар жырау, Нұра және Шет аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қарағанды облысы әкімдігі және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы мен шешімі алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енеді.

      Қарағанды облысының әкімі                  С. Ахметов

      Сессия төрағасы                            А. Найзабеков

      Облыстық мәслихаттың хатшысы               Б. Жұмабеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады