Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесі туралы

Күшін жойған

Қарағанды облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы XХХ сессиясының N 364 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 23 желтоқсанда N 1886 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының 2014 жылғы 2 қазандағы XХIХ сессиясының N 325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облыстық мәслихатының XХIХ сессиясының 02.10.2014 N 325 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3 бабы 2 тармағына, облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 қазандағы N 30/09 қаулысына сәйкес, Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесі бекітілсін.
      2. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.О. Қырықбаев пен облыстық мәслихаттың заңдылық және азаматтар құқығы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Н.О. Дулатбеков).
      3. Осы "Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізу және шешімдер қабылдау ережесі туралы" Қарағанды облыстық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өтісімен қолданысқа енеді.

Сессия төрағасы
М. Шамбұлов
Облыстық мәслихаттың хатшысы
Б. Жұмабеков

      

  Қарағанды облыстық мәслихатының
2010 жылғы 13 желтоқсандағы
XXX сессиясының N 364 шешіміне
қосымша

Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын)
өткізу және шешімдер қабылдау ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Бұл ереже жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын), одан әрі мәтін бойынша – жиналыс (жиын), өткізуді ұйымдастыру мақсатында әзірленді. Жиналыс (жиын) шекарасында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде шақырылады.
      2. Жиналыс (жиын) әкімшілік-аумақ шегінде тұратын тұрғындардың тікелей пікір білдіруінің бір түрі болып табылады және жергілікті маңыздағы мәселелерді талқылау үшін өткізіледі.
      3. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) және шешім қабылдауды өткізуді ұйымдастыруға байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес әзірленген осы Ережемен реттеледі.
      4. Жиналысты (жиынды) өткізудің осы ережесі және жергілікті қоғамдастықтың қабылдаған шешімдері Қарағанды облысының барлық аумағында қолданылады.

2. Жиналысты (жиынды) өткізудің жалпы қағидалары

      5. Жиналыс (жиын) оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің ерікті және еркін қатысуларының негізінде жариялылық пен ашықтықты, жалпыға бірдей тең және тікелей пікір білдіруді сақтаумен өткізіледі.
      6. Жергілікті қоғамдастық өкілдері жиналысқа (жиынға) жеке өздері қатысады және олардың әрқайсысының бір дауысы болады.
      7. Қазақстан Республикасы азаматының жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағы шекарасында оның тұрғылықты орынға тіркелу фактісі жергілікті қоғамдастыққа мүше болуына негіз бола алады.
      Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңында немесе халықаралық келісімшартта белгіленген шекте жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға қатысады.

3. Жиналысты (жиынды) шақырудың шарты

      8. Жиналыстар (жиындар) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өзін-өзі басқару органының не болмаса жергілікті қоғамдастықтың 10 % кем емес мүшелерінің бастамасымен шақырылады, ол 10 адамнан кем емес санда бастамашы топтың (бұдан әрі – бастамашы топ) құрамын белгілейді.
      9. Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің азаматтардың жиналыс (жиын) өткізу жөніндегі бастамасы қол қою парақтары түрінде ресімделеді, оған келесі мәліметтер енгізіледі:
      1) азаматтардың жиналысын (жиынын) өткізетін уақыты және өтетін орыны;
      2) азаматтардың жиналысына (жиынына) шығарылатын мәселелер;
      3) жиналысты (жиынды) өткізу мерзімдері;
      4) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған мерзімі, жеке куәлігінің немесе оны алмастырушы құжаттың нөмірі және сериясы, тұрғылықты орны бойынша тіркелген мекенжайы, жеке қолы және жиналыс (жиын) шақыру туралы талапты қолдайтын жергілікті қоғамдастықтың әр мүшесінің қол қойған мерзімі.
      10. Қол қою парақтары қолдарды жинауды жүзеге асыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған мерзімі, жеке куәлігінің немесе оны алмастырушы құжаттың нөмірі және сериясы, тұрғылықты орыны бойынша тіркелген мекенжайы, жеке қолы көрсетілуімен куәландырылады және жергілікті өзін-өзі басқару органына ұсынылады.
      11. Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны) қажеттілігіне қарай шақырылады және оған жергілікті қауымдастықтың дауыс беру құқығы бар 1/3 кем емес мүшелері қатысқанда өкілетті болып саналады.

4. Жиналысты (жиынды) шақыруды ұйымдастыру

      12. Жиналысты (жиынды) шақыру туралы шешім қабылданған жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің өзін-өзі басқару органы:
      1) жиналысты (жиынды) өткізу жағдайын қамтамасыз етеді, қаралатын мәселелер мен көтерілетін проблемалар бойынша ақпарат ұсыну және негізделген шешімдер қабылдау үшін қажетті атқарушы органдардың, басқа да ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларын, олардың лауазымды тұлғаларын шақырады;
      2) жиналыстың өтетін орынын белгілейді және оны өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
      3) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқару органын жиналысты өткізуден кемінде 10 күн бұрын мерзімде хабардар етеді;
      4) жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жиналыстың (жиынның) күн тәртібі, өтетін уақыты мен орыны туралы оның өткізуден кемінде 5 күн бұрын мерзімде ақпарат жариялайды.

5. Жиналысты (жиынды) өткізудің тәртібі

      13. Жиналысты (жиынды) ашу алдында келгендер мен қатысушыларды тіркеу өткізіледі (соның ішінде ақпарат құралдары өкілдерін), олардың аты-жөні, тұрғылықты жері бойынша мекенжайы көрсетіледі.
      Жиналысқа қатысқан жергілікті қоғамдастықтың мүшелері жиналыстың (жиынның) қатысушылары болып табылады.
      Жергілікті қоғамдастық аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың жиналысқа (жиынға) қатысулары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына немесе халықаралық келісімшартқа сәйкес жүзеге асырылады.
      14. Жиналысты (жиынды) өткізу үшін ашық дауыспен президиум оның құрамында төраға, хатшы және президиум мүшелері сайланады, қажет болған жағдайда дауыс беру нәтижелерін анықтау үшін есеп комиссиясы сайланады.
      15. Жиналыстың (жиынның) күн тәртібі келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып қалыптастырылады және қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен бекітіледі.
      Жиналыстың (жиынның) жұмыс регламенті және дауыс беру тәртібі (ашық немесе құпия) қатысушылар санының көпшілік даусымен белгіленеді.
      16. Жиналыстың (жиынның) төрағасы жиналыстың жұмысын ұйымдастырады және оны өткізудің тәртібін қамтамасыз етеді.

6. Жиналыстың (жиынның) хаттамасы

      17. Жиналыста (жиында) хаттама жүргізіледі, онда жиналыстың (жиынның) өткізілген уақыты мен орыны, қатысқан азаматтардың жалпы саны, жиналыс төрағасының, хатшысының және санақ комиссиясы мүшелерінің аты-жөні, күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны, дауыс берудің нәтижелері және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
      18. Хаттама мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады, оған жиналыс өткеннен кейін үш күн мерзімінен кешіктірмей жиналыстың (жиынның) төрағасы мен хатшысы қол қояды.

7. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынның) өкілеттігі

      19. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысында (жиынында) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мына мәселелер қарастырыла алады:
      1) тиісті елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй қорын сақтау және коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, басқа да халыққа қызмет көрсету нысандарын дұрыс пайдалану, дене тәрбиесі мен спортты дамыту, тұрғылықты жер бойынша азаматтардың бос уақытын ұйымдастыру, табиғатты, жеке қосалқы шаруашылықтарды қорғауға қатысты сұрақтарды;
      2) заңнамамен белгіленген тәртіпте әкімшілік-аумақтық орналасудағы өзгерістер, елді мекендерді, көшелерді, алаңдарды атау және қайта атау мәселелеріне байланысты ұсыныстарды;
      3) тиісті аумақ тұрғындарының мүдделерін қозғайтын басқа да шаруашылық және әлеуметтік-мәдени даму мәселелерін.

8. Жиналыстың (жиынның) шешімдері

      20. Жиналысқа (жиынға) қатысушылар оның күн тәртібіне шығарылған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      21. Жергілікті қоғамдастықтың жиналыс (жиын) шешімдері ашық дауыс берумен қабылданады және ұсынушылық сипатта болады.
      22. Егер оған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысқа (жиынға) қатысушыларының көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданған болып саналады. Дауыстар тең түскен жағдайда жиналыс (жиын) төрағасының даусы шешуші болып саналады.
      23. Шешім хаттамамен ресімделеді және мүдделі тұлғалардың назарына жеткізіледі.
      24. Жиналыста (жиында) қабылданған шешім сол жиналыс (жиын) өткізілген аумақтағы жергілікті қауымдастық мүшелеріне жіберіледі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жіберілуі мүмкін.
      25. Қабылданған шешімге өзгерістер мен толықтырулар тек қана жиналыстың (жиынның) шешімімен енгізіле алынады.
      26. Қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда оған қарсы жергілікті қоғамдастық мүшелері және басқа тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арыздана алады.

9. Жиналыс (жиын) қабылдаған шешімдерді жариялау

      27. Жиналыстың (жиынның) шешімі жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

10. Қорытынды ережелер

      28. Жиналысты (жиынды) өткізудің және жергілікті қоғамдастықтың шешімдер қабылдауының осы ережесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, өздерінің жарғылары мен ережелеріне сәйкес өткізілетін еңбек ұжымдарының және қоғамдық бірлестіктердің жиналыстарына таралмайды.
      Жиналыс (жиын) өткізу барысында жергілікті қоғамдастықтың мүшелері қоғамдық тәртіпті сақтаулары қажет.
      Қоғамдық тәртіпті бұзушыларға Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады