Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек Кодексінің 18, 238 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қалалық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, спорт және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Мұхамбединге жүктелсін.
3. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қаласының әкімі | Қ. Балмағамбетов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Жезқазған қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ.С. Әбдіров |
Жезқазған қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 наурыздағы N 05/01 қаулысына қосымша |
Жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларға құқығы бар ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін білім беру, спорт және мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Білім беру мамандарының лауазымдары:1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, меңгеруші, басшы, оның ішінде: филиалдың, бөлімнің, бөлімшенің, бөлшектің, орталықтың, лагерьдің, кабинеттің, бекеттің, клубтың, кәсіби тәжірибелік кітапханасының, шеберхананың, зертхананың, комбинаттың жатақхананың, интернаттың, шаруашылықтың;
2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: барлық мамандықтағы дәрігерлер мен мұғалімдер, мұрағатшы, медициналық бике, фельдшер, кітапханашы, тәрбиеші, жетекші, барлық мамандықтағы инженер, барлық атаудағы техниктер, жаттықтырушы, дене шынықтыру, еңбек нұсқаушысы және әдіскер, оқытушы, аудармашы, бағдарламашы, мастер, концертмейстер, мәдени ұйымдастырушы, хореограф, аккомпаниатор, бухгалтер, іс жүргізуші, кадр бөлімінің инспекторы, комендант, экономист, зертханашы, әдіскер және алғашқы әскери даярлық оқытушы-ұйымдастырушы, хатшы-машинист, оқу бөлімінің хатшысы, әлеуметтік педагог, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беретін педагог, педагог-психолог, тәрбиешінің көмекшісі, спорттық оқытушы-жаттықтырушы, өндірістік оқыту мастері, музыкалық жетекші, тәртіп жөніндегі кезекші, емдәм бикесі.
2. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, бөлімше басшысы, оның ішінде: шаруашылық бөлімінің меңгерушісі және қойма меңгерушісі;
2) (бас, аға) мамандар, оның ішінде: мұрағатшы, әдіскер, жаттықтырушы, медициналық бике, бухгалтер, аудармашы, бағдарламашы, хатшы-машинист, кадр бөлімінің инспекторы, мұрағатшы, іс жүргізуші, барлық атаудағы техниктер, нұсқаушы-әдіскер, заңгер консультант.
3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттік мекеменің және мәдениет қазыналық кәсіпорынның басшысы мен орынбасары, бөлімшелер басшылары, оның ішінде бөлім, сектор, филиал, шаруашылық бөлімі, шеберхана меңгерушісі;
2) (бас, аға, кіші) мамандар, оның ішінде: қор сақтаушы, экскурсовод, өнертанушы, ғылыми қызметкер, мұрағатшы, әдіскер, суретші, кітапханашы, заңгер консультант, барлық мамандықтағы инженерлер, барлық атаудағы техниктер, мұражай қараушысы, аудармашы, билет тексеруші, кассир, бағдарламашы, бухгалтер, экономист, хатшы, кадр бөлімінің инспекторы.