Жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздарын және салық салу мақсаттары үшін Жезқазған қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/283 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 шілдеде N 8-2-116 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2018 жылғы 22 мамырдағы № 23/216 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 22.05.2018 № 23/216 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес, Жезқазған қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Жезқазған қаласының аумағын аймақтарға бөлу сызбасы және салық салу мақсаттары үшін аймақтар шекарасының сипаттамасы бекітілсін. Көрсетілген жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары автотұрақтарға және автомобильге жанармай құятын станцияларға бөлінген жер телімдеріне таралмайды.

      2. 3 қосымшаға сәйкес жер салығының базалық ставкаларын арттыру (төмендету) пайыздары бекітілсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Сессияның төрағасы

С.Ж. Төлеуов

Қалалық мәслихаттың хатшысы

Қ.C. Әбдіров

КЕЛІСІЛДІ:


"Жезқазған қаласының жер


қатынастар бөлімі" мемлекеттік


мекемесінің бастығы


Әлменов Талғат Сәруарұлы



      2010.20.07.

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі
N 24/283 шешіміне
1 қосымша

Жезқазған қаласы
аумақтарын салық салу мақсаттарында аймақтандыру
СЫЗБАСЫ



  Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/283
шешіміне 2 қосымша

      Салық салу мақсаттары үшін аймақтардың шекараларын сипаттау

Аймақтың және кіші аймақтың N N

Аймақ шекаралары

1

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 001; 002;

жартылай: 003; 005; 006.

Солтүстік аймақ шекарасы Алашахан даңғылындағы айналма жолынан басталып, Кеңгір су қоймасының солтүстік және шығыс бойымен өтеді, одан әрі оңтүстікке Холмецкий көшесімен Жастар көшесіне дейін. Жастар көшесімен солтүстікке қарай 2 орам бойынша өтеді, оңтүстік бөлігі Фурманов көшесінен Пушкин көшесіне дейін, одан әрі Пушкин көшесінен оңтүстікке қарай Холмецкий көшесіне дейін. Холмецкий көшесінен Аманжолов көшесіне дейін. Аманжолов көшесімен солтүстік батысқа Сәтбаев көшесіне дейін. Сәтбаев көшесінен батысқа Некрасов көшесіне дейін, одан әрі Некрасов көшесімен Ошақбай Асылбеков көшесіне дейін. Ошақбай Асылбеков көшесінен батысқа Шевченко көшесіне дейін. Шевченко көшесінен солтүстікке С.Сейфуллин бақжолына дейін, одан әрі қарай С.Сейфуллин бақжолы бойынша оңтүстік және батыс бойынша жеке гараждардың оңтүстік және батыс бөлігі бойынша Университет бас корпусына дейін. Одан әрі солтүстік батысқа шығыс айналма жолына дейін. Шығыс айналма жолынан солтүстік шығысқа Алашахан даңғылы айналма жолына дейін.

2

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 004; 011; 012; 013; 014; 019; 020; 023;

жартылай: 002; 003; 005; 006.

Солтүстік аймақ шекарасының бөлігі 23 есептік ораммен сәйкес келеді, одан әрі Кеңгір су қоймасының шығыс аймағынан көпірге дейін, одан әрі оңтүстік шығыстан Алашахан даңғылындағы көлік айналма жолына дейін, одан әрі оңтүстік батысты жағалай шығыс айналма жолынан Рыбачий бұрылысына дейін. Рыбачийге бұрылыстан оңтүстік шығысқа Университеттің бас корпусының жанында Байқоныров көшесінің аумағындағы бұрылысқа дейін, одан әрі оңтүстік жеке гараждардың батыс бөлігінен солтүстікке және шығыс бөлігіндегі 70 орамнан Гагарин көшесіне дейін. Гагарин көшесінің батысынан Маметова көшесіне дейін, одан әрі Маметова көшесінен оңтүстікке Абай көшесіне дейін, одан әрі Абай көшесінен шығысқа қарай Байқоңыров көшесіне дейін. Одан әрі Байқоңыров көшесінен солтүстікке Гагарин көшесіне дейін, одан әрі Гагарин көшесінен шығысқа Шевченко көшесіне дейін, содан соң Шевченко көшесінен оңтүстікке Ошақбай Асылбеков көшесіне дейін, Ошақбай Асылбеков көшесінен Некрасов көшесіне дейін, одан әрі Некрасов көшесінен оңтүстікке Сәтбаев көшесіне дейін, одан әрі Сәтбаев көшесінен шығысқа Аманжолов көшесіне дейін. Аманжолов көшесімен оңтүстікке 28 орамның оңтүстік бөлігінің шекарасына дейін. Одан әрі шығысқа 28 орамның оңтүстік бөлігінен Пушкин көшесіне дейін, одан әрі солтүстік батысқа Пушкин көшесінен Фурманов көшесіне дейін, одан әрі шығысқа Жастар көшесіне дейін, одан әрі оңтүстік шығысқа Жастар көшесімен Холмецкий көшесіне дейін, одан әрі солтүстік шығысқа су қоймасының жағалау аймағына дейін. Жағалау аймағынан оңтүстікке Чехов көшесіне дейін. Одан әрі Чехов көшесінен оңтүстік шығыстағы Жастар көшесімен қиылысады. Жастар саябағының оңтүстік шекарасының Холмецкий көшесіне дейін. Холмецкий көшесінен батысқа Сәтбаев көшесімен айналма жолының қиылысына дейін. Одан әрі оңтүстік батысқа Сәтбаев көшесімен Балқаш көшесіне дейін. Балқаш көшесімен оңтүстік шығысқа Полевая көшесіне дейін, одан Полевая көшесімен солтүстік шығысқа темір жолына дейін, темір жол бойымен оңтүстік шығысқа Қарағанды айналма жолына дейін. Одан батысқа айналма жолымен Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы жол полиция бөлімі бекетінің жанындағы өткелге дейін. Өткелден солтүстік батысқа темір жол бойымен Пугачев көшесінің аумағына дейін. Пугачев көшесіндегі темір жол аумағынан Сарыарқа көшесіне шығады. Одан әрі Сарыарқа көшесімен солтүстік батысқа Абай көшесіне дейін. Одан әрі Абай көшесімен солтүстік шығысқа шығыс айналма жолымен 017-019 есептік орамдардың оңтүстік шекарасының торабына дейін. Одан әрі солтүстікке 017-019 есептік орамның шектесу шекарасынан Иманжан көшесіне дейін. Иманжан көшесінен шығысқа "Самсунг" медициналық орталығының айналма жолына дейін. Одан әрі 23 есептік орамның батыстағы шекарасымен солтүстікке дейін.

3

3-1

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

жартылай: 002; 003.

Солтүстік аймақ шекарасы С. Сейфуллин бақжолының батыс бөлігінде орналасқан жеке гараждардың оңтүстік бөлігінен басталады, одан әрі шығысқа С.Сейфуллин бақжолымен Шевченко көшесіне дейін, одан әрі оңтүстікке Шевченко көшесінен Гагарин көшесіне дейін. Одан әрі батысқа Гагарин көшесімен Байқоңыров көшесіне дейін, одан әрі оңтүстікке Байқоңыров көшесімен Абай көшесіне дейін, одан әрі батысқа Абай көшесімен Маметова көшесіне дейін. Маметова көшесінен солтүстікке Гагарин көшесіне дейін, одан әрі шығысқа Гагарин көшесімен Жангелдин көшесіне дейін, одан әрі Жангелдин көшесімен С. Сейфуллин бақжолындағы жеке гараждарға дейін. Осы аймаққа бұрынғы 70, 71, 73, 74, 75 қала орамдары кіреді.

3

3-2

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 018; 021; 022; 024; 025; 026; 027;

жартылай: 015; 031.

Солтүстік аймақ шекарасы 025, 027 есептік орамдардың және қаланың бас жоспарының перспективалық құрылыс салуы аумағының шекараларынан бастап 30 орамды шығыс шекарасымен өтіп және 30, 029, 028, 027 есептік орамның оңтүстік шекарасымен Алашахан даңғылына дейін, одан әрі оңтүстікке Алашахан даңғылымен Иманжан көшесіне дейін. Одан әрі Иманжан көшесімен батысқа 19 есептік орамның шекарасына дейін. Одан әрі оңтүстікке 018-019 есептік орамның шектесу шекарасының бөлігімен Комбинатский кентіне дейін батысқа 017 есептік орамның солтүстігіне дейін, одан әрі оңтүстік батысқа Комбинатский кентінің солтүстік бөлігімен Сарыарқа көшесіне дейін.

Одан әрі Сарыарқа көшесімен оңтүстік шығысқа Пугачев көшесіне дейін. Пугачев көшесінен оңтүстік батысқа темір жолға дейін, одан әрі оңтүстік шығысқа темір жол Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы жол полиция бөлімі бекетіне дейін. Жезқазған қалалық ішкі істер басқармасы жол полиция бөлімі бекетінен оңтүстік батыстағы 015 есептік орамның шекарасымен Пугачев көшесіне қарама-қарсы темір жолының дәнекерлерінен батыс бөлігіне дейін, одан солтүстік батысқа темір жолының батыс бөлігімен Жол құрылысы басқармасының бұрышының деңгейіне дейін автомобиль жолына ауысуымен Сарыарқа көшесіне дейін. Одан әрі солтүстік батысқа Сарыарқа көшесімен 026 есептік орамның шекарасына дейін және 026, 025, 027 есептік орамдардың солтүстік шекарасымен.

3

3-3

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 044;

жартылай: 034.

Солтүстік аймақ шекарасы "Авиатор" бағбандық қоғамның оңтүстік бөлігінен басталады және әуежай аймағындағы ұшып қонатын күтіп ұстау үшін арналған алаңды қамтиды. Аталған аймақта әскери бөлім және "Казаэронавигация" Республикалық мемлекеттік кәсіпорны орналасқан.

4

4-1

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 017;

жартылай: 016.

Аймақтың солтүстік шекарасы 91 орамның оңтүстік бөлігінен басталып 021, 018 есептік орамдардың арасындағы шекарамен өтеді және шығысында 019 есептік орамның шекарасымен шектесіп батыс айналма жолға дейін жетеді. Одан әрі оңтүстік-батысқа батыс айналма жолымен Абай көшесіне дейін. Одан әрі осы бағытта Абай көшесімен Сарыарқа көшесіне дейін, әрі қарай осы көшемен солтүстік-батысқа Комбинатский кентінің солтүстік бөлігіне дейін. Одан әрі солтүстік-шығысқа қарай Жол құрылысының басқармасы және Комбинатский кенті аралығымен 017 есептік орамның шекарасына дейін. Осы жерде солтүстік-батысқа қарай бұрылып 021 есептік орамның оңтүстік шекарасына дейін 016 және 017 есептік орамдар шекарасымен өтеді. Аталған аймаққа Рыбачий және Комбинатский кенттері және N 6 кәсіптік лицей, көлік базары, ветеринарлық зертхана, "Гелиус" жанар-жағар май құю станциясы кіреді.

4

4-2

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

жартылай: 031.

Бұл аймаққа қаланың батыс бөлігінде орналасқан тұрғын алабымен Геологиялық барлау экспедициясы кіреді.

4

4-3

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

жартылай: 005; 006; 010.

Аймақтың солтүстік шекарасы Балқаш-Сәтбаев көшелерінің қиылысынан басталып, одан әрі солтүстік-шығысқа Сәтбаев көшесімен көлік айналымына дейін, осы бағытпен Холмецкий көшесі айналым жолымен Жастар саябағына дейін, әрі қарай Жастар саябағының оңтүстік бөлігімен Жастар көшесін қиып Чехов көшесімен су қоймасы жағасына дейін барады. Одан әрі жағалаумен оңтүстік батысқа қарай Гидроцехтың оңтүстігіндегі батыс айналым жолының бұрылысы деңгейіне дейін өтеді. Одан әрі батыс айналым жолына шығып Жастар көшесін қиып өтіп "Жезқазған нан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұсындағы бұрылысқа дейін және темір жолмен өтіп 5 ауданның тұрғын алабын солтүстік жағымен айналып Пристанционный кентінің шығыс жағына дейін барады. Одан әрі Пристанционный кентінің тұрғын алабының шығыс және оңтүстік жағымен Балқаш көшесіне дейін өтеді және Балқаш көшесімен солтүстік-батысқа Сәтбаев көшесіне дейін.

4

4-4

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 035; 036; 037; 038; 039; 040; 041; 042; 043; 044; 045; 046; 047; 048; 049.

Бұл аймаққа бағбандық учаскелері және сауықтыру кәсіпорындары кіреді. ("Здравница" бағбандық қоғамы, "Автомобилист" бағбандық қоғамы, аэропорт аумағындағы бағбандық учаскелер, "Спутник" бағбандық қоғамы, "Литейщик" бағбандық қоғамы, "Орленок", "Дружба" сауықтыру лагерлері)

5

Қамтитын аумақтар:

1) есептік орамдар:

толық: 008; 009; 028; 029; 030; 034; 051; 052.

жартылай: 006; 007; 010; 015; 031; 034.

Бұл аймаққа өндірістік нысандар кіреді.

Берілген аймақтың солтүстік шығыс шекарасы ауыл шаруашылығына арналған, автомобиль, теміржол көлігі мен желілік нысандары, артық қоймалар мен жартасты карьерлер жерінен басталады, сондай-ақ, осы бағытта N 1 және N 2 Байыту фабрикасы, Жылу электро орталығы, Құю механикалық зауыты, Керамикалық зауыт, Автокөлік кәсіпорыны, N 1 Автокөлік кәсіпорыны, "Қазахмыс корпорациясының" шлак тастары тұрмыстық жабдықтау базасы және "Қазмысқұрлыс" акционерлік қоғамының, Ішкі істер басқармасы нысандары, тұндыру және тазарту имараттары сияқты нысандар орналасқан.

Аймақтың оңтүстік бөлігі Мыс қорыту зауытынан, ал аймақтың оңтүстік батыс бөлігі асфальтбетон зауытынан басталады, осы бағытта оңтүстік өнеркәсіп торабының өнеркәсіп кәсіпорын нысандары: ет комбинаты, сүт зауыты, "Еркін-Кварц" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнеркәсіп базасы және бұрынғы ауыл шаруашылық техникасының базасы, ұн тарту комбинаты, "Жезқазғансуқұрылысның" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы аумағы, етсүтбалық сауданың бөлу тоңазытқышы, "Жезқазған электр тарату компаниясы" акционерлік қоғамының өндірістік базасы, жанар-жағар май құю қоймасы және басқада өндірістік нысандар орналасқан.

  Жезқазған қалалық мәслихатының
2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/283
шешіміне 3 қосымша

Жер салығы базалық мөлшерлемесінің арттыру (төмендету) пайыздары

Аймақ нөмірлері

Жер салығы базалық ставкасының арттыру (+), төмендету (-) пайыздары

1

+50

2

+30

3

+20

4

0

5

-30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады