Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/296 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 28/344 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 желтоқсанда N 8-2-130 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 24 мамырдағы N 6/50 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2012.05.24 N 6/50 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына сәйкес Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 24/296 "Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы " шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-2-122 нөмірімен тіркелген, 2010 жылдың 27 тамызындағы N 63 (7680), 2010 жылдың 3 қыркүйегіндегі N 64 (7681), 2010 жылдың 10 қыркүйектегі N 65 (7682) "Сарыарқа" газетінде және 2010 жылдың 24 тамызындағы N 55 (225), 2010 жылдың 27 тамызындағы N 56 (226) "Жезказганская правда" газетінде жарияланған) толықтырулар енгізілсін:
      1) Жезқазған қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "және Жезқазған қаласының" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок предоставления жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
      2) Ереженің мемлекеттік тілдегі 1 тармағының бірінші абзацындағы "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
      Ереженің орыс тіліндегі 1 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Сессия төрағасы,
      Қалалық мәслихаттың хатшысы                Қ.С. Әбдіров

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жезқазған қаласының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы    Б.М. Мырзаханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады