Теміртау қаласында 2010 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы N 3/11 қаулысы. Қарағанды облысы Теміртау қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 05 наурызда N 8-3-98 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 03 наурыздағы N 9/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2011.03.03 N 9/1 (2011.01.01 бастап күшіне енеді) Қаулысымен.

      Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және 4-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-3-89 нөмірмен тіркелген Теміртау қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 24 желтоқсандағы 23 сессиясының "2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" N 23/5 шешімін басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі) заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      2. Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын 2010 жылы қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бағдарламашасында қарастырылған, сондай-ақ 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған қалалық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құруға қатысатын жұмыс берушілерді таңдау келесі тәртіпте белгіленсін:
      1) республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған "Жол картасы" аясында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін конкурс өткізудің ерекше тәртібін қолдана отырып, тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу кезінде анықталынады;
      2) қалалық бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер тұрғындардың нысаналы топтары үшін жұмыс орнын құра алатын мүмкіндігі болған жағдайда, олардың "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берген өтініштері бойынша анықталынады.
      5. Нысаналы республикалық трансферттерден қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, айына 40000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      6. Қалалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде белгіленсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Татьяна Михайловна Куриннаяға жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға таратылады.

      Теміртау қаласының әкімі                   Н. Сұлтанов

Теміртау қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 26 қаңтардағы
N 3/11 қаулысымен
бекітілген

Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың Ережелері

      1. Теміртау қаласында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың осы ережелері (бұдан әрі – Ережесі) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) уәкілетті орган – Теміртау қаласында халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер тарайды.
      4. Уәкілетті орган жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің уәкілетті органмен жасасқан шарттың негізінде ұсыну немесе уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
      6. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыру жөнінде шартқа отырысады, онда тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақысының көлемі мен талаптары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін төлеу еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегі нақтылы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай өткеннен кейін сақталуы мүмкін (жұмыс берушінің бастамасымен) және әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбегін төлеу бюджеттен қандай да бір өтеусіз-ақ жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады