Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2011.12.09 N 47/5 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Теміртау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 14 қыркүйектегі 31 сессиясының N 31/5 "Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 8-3-108 болып тіркелген, "Второе счастье" газетінің 2010 жылғы 2 қарашадағы N 10 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің (әрі қарай – Ереже) мемлекеттік тілдегі кіріспесінде "Ақтау кенті" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі кіріспесінде "порядок оказания жилищной помощи" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
2) 1 тармақта:
2) тармақшадағы "қоқысты әкетуді" сөздерінен кейін "және лифттерді жөндеу" сөздерімен толықтырылсын;
13) тармақшадағы:
"(түбіртек, хабарлама, анықтама)" сөздері алынып тасталсын;
"электрондық тасымалдағышта" сөздері "қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда" сөздеріне ауыстырылсын;
3) Ереженің мемлекеттік тілдегі 2 тармағының бірінші абзацындағы "Тұрғын үй көмегі" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 2 тармағында "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
4) Ереженің мемлекеттік тілдегі 3 тармағының бірінші абзацындағы "болып табылатын" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын;
Ереженің орыс тіліндегі 3 тармағының бірінші абзацындағы "Жилищная помощь предоставляется" сөздерінен кейін "малообеспеченным" сөзімен толықтырылсын;
5) 4 тармақта:
1) тармақшадағы "18 шаршы метр" сөздерінен кейін "көп бөлмелі пәтерлерде (үйлерде) тұратын адамдар үшін" сөздерімен толықтырылсын;
2) тармақшаның бірінші абзацындағы "бір адамның" сөздері алынып тасталсын;
2) тармақшаның бесінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"қатты отынды тұтыну қызметтерді жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып, нақты шығындар бойынша (түбіртек, жүкқұжат, фактура-шот, анықтама), алайда аспауы тиіс:";
6) 19 тармақта:
1) тармақшадағы "өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың" сөздерінен кейін "(жеке басының куәлігі, қоныстану иқтиярхаты, азаматтығы жоқ тұлғаның кәуілігі)" сөздерімен толықтырылсын;
4) тармақшадағы "некеге тұру немесе некені бұзу туралы куәліктері" сөздерінен кейін ", қайтыс болу жөніндегі куәлік" сөздерімен толықтырылсын;
6) тармақшадағы "және коммуналдық қызметтерді тұтынуға" сөздері алынып тасталсын;
7) тармақшадағы "қатты отынды пайдалануды" сөздерінен кейін ", қатты отынды пайдалануға арналған шот (түбіртек, жүкқұжат, фактура-шот, анықтама)" сөздерімен толықтырылсын;
10) тармақшадағы "коммуналдық қызметтерді тұтыну" сөздерінен кейін "(орталықтандырылған немесе баллонды газды тұтынған жағдайда – анықтама, түбіртек)" сөздерімен толықтырылсын;
7) Ереженің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын;
8) Ереженің 5-қосымшадағы кесте келесі мазмұндағы 11 жолмен толықтырылсын: "11 Лифттерді жөндеу".
2. Осы шешім оны ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы,
мәслихат хатшысы А. Аркатов
КЕЛІСІЛДІ
"Теміртау қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
______________________ Ю. Ким
24 желтоқсан 2010 ж.
Теміртау қалалық мәслихатының
2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 34/9
шешіміне қосымша
Теміртау қаласы мен Ақтау кенті тұрғындарына
тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне
1-қосымша
Уәкілетті органға
______________________________________________
(елді мекен, аудан, облыс)
______________________________________________
(елді мекен, аудан)
_________________________мекен-жайында тұратын
(көше, үйдің, пәтердің N, телефон N)
______________________________________________
(Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)
жеке куәліктің N _____________________________
куәлік берген мекеме _________________________
берілген күні ________________________________
ӘЖК N ________________________________________
СТН __________________________________________
Отбасының тіркелу нөмірі _____________
ӨТІНІШ
Менің отбасыма тұрғын үй көмегін тағайындауыңызды сұраймын.
Менің отбасым ____ адамнан тұрады.
Өтінішке қоса қажетті құжаттарды ұсындым.
Дербес шоттың N ________. Қызметті жеткізушінің атауы _________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ________. Қызметті жеткізушінің атауы _________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ________. Банктің атауы _______________________
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, жылуға, суық суға, кәрізге, ыстық суға, қоқысты әкетуге, электр куатына, газға, телефонға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысына, лифттерерді жөндеуге жұмсалған шығындар үшін).
Дербес шоттың N ___. Кондоминимум объектісін басқару органы ___
(кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін ұстауға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жарнаға, кондоминимум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға жұмсалған шығындар үшін).
Мен және менің отбасымның мүшелері, біздің келісіміміздің дәлелі ретінде отбасы мүшелерінің жеке және заңды тұлғаларға көрсетуге болатын табыстары туралы ақпаратты "Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне беруге рұқсат етеміз.
Өзгеріс туындаған жағдайда 10 күннің ішінде хабарлауға міндеттеме беремін.
Теріс мәліметтерді және жалған құжаттарды ұсынғаны үшін жауапқа тартылатыным жөнінде алдын ала ескертілді.
"____"__________ 20 ____ ж. _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Құжаттардың қабылданған күні
"____"_____ 20 ____ ж. ______ _______________________________________
(қолы) (құжатты қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә., лауазымы)