1983-1992 жылдары туған азаматтарды 2010 жылдың көктемі мен күзінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 12/01 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 8-4-184 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 17 маусымдағы N 21/10 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2010.06.17 N 21/10 қаулысымен.

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын басшылыққа алып, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін, 2010 жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін кейінге қалдыруға құқығы жоқ 1983-1992 жылдары туған ер азаматтарды, бірінші кезекте шақыруды кейінге қалдыруға құқығын жоғалтқан, жасы үлкен шақырылушылардың шақыруы өткізілсін. Азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкестікте берілсін.
      2. Қала мекемелері мен кәсіпорындарының жетекшілеріне әскерге шақырылушылар медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде, оларды медициналық куәландыру және шақыру комиссиясынан өту үшін жұмыстан және оқудан босату ұсынылсын.
      3. Гүлшат, Саяқ, Қоңырат кенттерінің әкімдеріне әскерге шақырушыларды тұрғылықты жерінен, "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" Мемлекеттік мекемесінің (әрі қарай - ММ) әскерге шақыру бөлімшесіне дейін әкелу мен жолақысының төленуін қамтамасыз етсін.
      4. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін мына құрамда қалалық шақыру комиссиясы құрылсын:
      Бекмағамбетов                  - комиссия төрағасы, "Қарағанды
      Болат Абдикешұлы                 облысы Балқаш қалалық қорғаныс
                                       істері жөніндегі біріктірілген
                                       бөлімі" ММ бастығы
      Ли                             - комиссия төрағасының
      Вячеслав Сергеевич               орынбасары, "Балқаш қаласы
                                       әкімінің аппараты" ММ бақылау
                                       және ақпараттық
                                       технологияларды енгізу
                                       бөлімінің бас маманы

Комиссия мүшелері:

      Боровицкий                     - Қарағанды облысының ішкі істер
      Станислав Дмитриевич             департаменті Балқаш қаласының
                                       ішкі істер бөлімі (әрі қарай
                                        - Балқаш қаласының ішкі істер
                                       бөлімі) бастығының орынбасары
      Бижанов                        - медицина комиссиясының
      Қайрат Көбентайұлы               төрағасы, Қарағанды облысы
                                       әкімдігі Қарағанды облысының
                                       денсаулық сақтау Басқармасының
                                       "Балқаш қаласының N 1
                                       емханасы" Коммуналдық
                                       Мемлекеттік Қазыналық
                                       Кәсіпорынның (әрі қарай
                                        - Балқаш қаласының N 1
                                       емханасы" КМҚК) директорының
                                       орынбасары

      Шайхисламова                   - комиссия хатшысы, "Балқаш
      Гүлнар Мәлібекқызы               қаласының N 1 емханасы" КМҚК
                                       медициналық бике.
      Қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі" талаптарын өз жұмысында қатаң басшылыққа алсын.
      5. "Қарағанды облысының денсаулық сақтау Басқармасы" ММ Балқаш аймақтық өкілдігі (М.О. Жанов келісім бойынша) шақырылушыларды сапалы куәландыру мақсатында:
      1) медициналық комиссия құрамына жоғары білікті дәрігер мамандар мен орта медициналық қызметкерлер (қосымшаға сәйкес) бөлінсін ("Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ мен "Балқаш қаласының N 1 емханасы" КМҚК арасында жасалған шарт бойынша);
      2) шақыру мерзіміне рентгенкабинеттер мен флюрографиялық қондырғылардың үздіксіз жұмысын ұйымдастырсын;
      3) медициналық комиссия жолдаған әскерге шақырылушыларды тұрақты емдеу, сауықтыруды қамтамасыз етсін.
      6. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде қалалық шақыру комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету үшін "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (Қ.Қ. Адамова) 2010 жылдың 1 сәуірінен 30 маусымына дейін және 1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін Балқаш қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы N 51/06 "2010 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары және мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысына (2010 жылғы 14 қаңтардағы нормативтік құқықтық кесімдердің N 8-4-162 тізіліміне енгізілген, 2010 жылғы 20 қаңтардағы N 7-8 (11521) "Балқаш өңірі", N 7 (555) "Северное Прибалхашье" газеттерінде жарияланған) сәйкес ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілген жұмыссыздар қатарынан, техникалық жұмыскерлер жіберсін.
      7. Балқаш қаласының ішкі істер бөліміне (Е.М. Киякин келісім бойынша):
      1) жеті күн мерзім ішінде жергілікті әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарласын;
      2) әскери шақырудың барлық кезеңінде Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне шақыру пунктінде, теміржол және автомобиль отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсетсін;
      3) Балқаш станциясынан Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктіне дейін, Қарағанды қаласының облыстық жинау пунктінен Балқаш станциясына дейін шығарып салу үшін әр жіберілген командаға бір полиция қызметкерін бөлсін;
      4) әскери міндетті орындаудан бас тартқан тұлғаларды іздеуді, жеткізуді қажетті жағдайда ұстауды ұйымдастырсын.
      8. "Балқаш қаласының қаржы бөлімі" ММ (Ж.К. Томпиева), "Балқаш қаласының экономика және бюджеттік бағдарламалар бөлімі" ММ (З.С. Шлыкова) осы көрсетілген іс шараларды орындауға байланысты шығындарға қажетті қаражат бөлсін.
      9. "Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" ММ (Б.А. Бекмағанбетов келісім бойынша) 2010 жылғы 10 маусымға дейін көктемгі әскерге шақыру, 2011 жылғы 10 қаңтарға дейін күзгі әскерге шақыру нәтижелері жөнінде қала әкіміне ақпарат берсін.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғапқа жүктелсін.
      11. Осы қаулы 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
      12. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Балқаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Ж. Нысангалиев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысы Балқаш
      қалалық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі" ММ бастығы           Б. Бекмағамбетов
      2010 жыл 30 наурыз

      "Қарағанды облысының денсаулық
      сақтау Басқармасы" ММ Балқаш
      аймақтық өкілдігі бастығы                  М. Жанов
      2010 жыл 30 наурыз

      Балқаш қаласының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    Е. Киякин
      2010 жыл 30 наурыз

Балқаш қаласы әкімдігінің
2010 жылғы 31 наурыздағы
N 12/01 қаулысына
қосымша

1983-1992 жылдары туған азаматтарды 2010 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу медициналық комиссиясының
ҚҰРАМЫ

N

Дәрігер–мамандар

Негізгі құрам

Резервтік құрам

1

Медициналық комиссия төрағасы

Қайрат Көбентайұлы Бижанов


2

Комиссия хатшысы

Гүлнар Мәлібекқызы Шайхисламова

Гулденсін Жұмағалиқызы Қалиева

3

Хирург

Айтжан Нышанұлы Тұранов

Рашида Қуатбекқызы Ибраева

4

Терапевт

Валентина Сергеевна Ушакова

Манжіғұлов Кеншпек Нұрмағанбетұлы

5

Офтальмолог

Надежда Жумахметовна Елубаева

Салтанат Сәкенқызы Қараманова

6

Отоларинголог

Гүлдана Мерекеқызы Бегалина

Лариса Александровна Переверзева

7

Невропатолог

Тәңірберген Құдайбергенұлы Темірбаев

Светлана Зигалиқызы Рахимбаева

8

Психиатр

Салтанат Қуандыққызы Искакова

Алима Төреахметқызы Ешниязова

9

Тіс дәрігері

Әнуарбек Шынарбекұлы Табиев


10

Дерматолог

Кәмшат Жақсылыққызы Дакенова


11

Фтизиатр

Татьяна Түсіпханқызы Болғамбаева

Айтолкын Базарбайқызы Казанова

12

Рентгенолог

Валентина Викторовна Голоенко


13

Нарколог

Любовь Михайловна Сидоренко


14

Лаборант

Тілеукен Сатыбалдықызы Тұтқабекова


15

Рентген-лаборант

Бекзат Бақбергенұлы Жакупбеков


16

Медбике-антропометрия

Күлғайша Жаңабайқызы Жексембина


17

Терапевт медбикесі

Қияш Сламбекқызы Толеутаева

Наталья Петровна Ли

18

ЭКГ медбикесі

Бекүл Сейітбекқызы Жұмабаева


19

Окулист медбикесі

Құралай Оспанқұлқызы Әлімжанова

Бибікен Өмірзаққызы Бекбенбетова

20

Дәрігерлер кабинетінің санитары

Риза Темірғалиқызы Темірғалиева


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады