1994 жылы туған азаматтарды Қарағанды облысы Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2010 жылғы 8 желтоқсандағы N 7 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 23 желтоқсанда N 8-4-205 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 4-13/140 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің 31.01.2014 № 4-13/140 хатымен).

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және "Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 Қаулысын басшылыққа ала отырып, Балқаш қаласының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды әскери есепке алу, олардың саны мен әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, жалпы білім деңгейлерін, алған мамандықтары және дене даярлығын анықтау, әскери оқу орындарына түсуге үміткерлерді айқындау мақсатында Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2011 жылғы қаңтар-наурыз аралығында, тіркеу жылында жастары 17-ге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастырсын және өткізсін.
      2. Қоңырат, Гүлшат, Саяқ кенттерінің әкімдері, ұйымдардың, оқу орындарының, үйлердің пайдалануын жүзеге асырушы тұтынушы пәтер иелері кооперативтерінің басшылары, Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөліміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы N 371 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ережесінің N 1 қосымшасы бойынша 1994 жылы туған азаматтардың тізімін шақыру учаскесіне тіркеуді өткізу үшін тапсыру ұсынылсын.
      3. Білім беру ұйымдары мен басқа да ұйымдардың басшыларына әскерге шақырылатын жасөспірімдер медициналық комиссияға шақыру қағазын алған кезде медициналық куәландыруды өту және құжаттарды жинау үшін жұмыстан, оқудан босату ұсынылсын.
      4. Балқаш қалалық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі (Б.Ә. Бекмағамбетов келісім бойынша) 2011 жылғы 15 сәуірге дейін қала әкіміне 1994 жылы туған азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу қортындысы жөнінде ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Махмұт Сәдуақасұлы Жарылғапқа жүктелсін.
      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Балқаш қаласының әкімі                     Қ. Тейлянов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қарағанды облысы Балқаш
      қалалық қорғаныс істері жөніндегі
      біріктірілген бөлімі" ММ бастығы
      7 желтоқсан 2010 жыл
      Б. Бекмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады