Балқаш қаласының аумағында құрылыс салу Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 39/302 шешімі. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қаңтарда N 8-4-221 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011 жылғы 10 наурыздағы N 42/323 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2011.03.10 N 42/323 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Балқаш қаласының аумағында құрылыс салу Ережесі бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 16 ақпандағы N 17/176 "Балқаш қаласы және қала маңындағы поселкелер аумағында құрылыс салу Қағидасы туралы" (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде N 1749 болып тіркелген, 2005 жылғы 8 сәуірдегі N 25 "Балқаш өңірі" газетінде, 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 28-29 "Балхашский рабочий" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өнеркәсіп, құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж. Омаров) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрайымы                            Р. Койбагарова

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                И. Сторожко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қала әкімі                                 Тейлянов К.Г.
      24.12.2010 ж.

      "Қалалық сәулет, қала
      құрылысы және құрылыс
      бөлімі" ММ-нің бастығы                     Мусин С.К.
      24.12.2010 ж.

Балқаш қалалық
мәслихатының 2010 жылғы
24 желтоқсандағы N 39/302
шешімімен бекітілген

Балқаш қаласының аумағында құрылыс салу Ережесі

      Балқаш қаласының аумағында құрылыс салу Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы", 2007 жылғы 11 қаңтардағы "Лицензиялау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы "Объектілерді салу үшін бастапқы материалдарды (деректерді) және рұқсат беретін құжаттарды ресімдеу мен беру тәртібін оңайлату жөніндегі кейбір шаралар туралы" қаулысына сәйкес әзірленген.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілері мен жер учаскелерін пайдалану бойынша жобалау және қаланың аумағын салу бойынша талаптарды және шарттарды айқындайды, жаңа немесе уақытша құрылымдарды және қолданыстағы жылжымайтын ғимараттарды өзгертуге және орналастыруға рұқсат беру процедураларын өткізу тәртібін белгілейді (қайтадан жабдықтау, қайтадан жобалау, кеңейту, күрделі жөндеу), қаланың аумағында құрылыс және қала құрылысының сәулет қызметіне байланысты басқа да қызметтерді реттейді.
      2. Қаланың аумағында құрылыс салу осы Ережелермен, қаланың бас жоспарымен, қала аудандарын салу және деталдық жоспарлау жобасына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы Ереже ведомстволық бағыныштылығына және меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге және басқа да заңды тұлғаларға, сонымен қатар жобалауды, Балқаш қаласы аумағында құрылысты қайта жаңғырту мен игеруді, ғимарат, құрылыс салуды жүзеге асыратын жеке тұлғаларға міндетті.
      4. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:
      1) жобалаушы - сәйкес жобалау қызметі түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға;
      2) инженерлік инфрақұрылым - адамдардың тұрмыс-тіршілігінің дұрыс шартын, сонымен қатар қызмет пен тауар айналымында немесе өндірісті тұрақты функционалдауды құратын коммуналдық қамтамасыз ету, кәсіпорын (мекеме), объект (ғимарат пен кешендер), коммуникация және инженерлік желі жиынтығы;
      3) қаланың бас жоспары - зоналау, құрылымдық жоспарлау және оның аумағын функционалдық ұйымдастыру, транспорт жүйесін және инженерлік коммуникация, көгалдандыру мен абаттандыруды белгілейтін қаланы салу және дамытуды жиынтықты жоспарлайтын қала құрылыс жобасы;
      4) қала құрылысы регламенті - тәртібі, рұқсаты, аумақты (жер телімдерін) және басқа да жылжымайтын объектілерді қолдануға шектеулер (міндеттеу, тиым салу және сервитуттарды қоса алғанда) сонымен қатар заңнамалық тәртіпте көрсетілген кез келген жағдайдағы рұқсат етілетін өзгерістер;
      5) қала құрылысы жобасы - ұйымның кешендік қала құрылыс жоспарларын, олардың аумақтағы және елді мекендер мен олардың бөліктеріндегі құрылыс салу және дамыту ниеті бар жобалар (Қазақстан Республикасы территориясын ұйымдастырудың бас сызбасы, аумақтық дамудың аймақішілік сызбасы, аумақты жоспарлаудың қала құрылысының жиынтық сызбасы, елді мекендердің бас жоспары, деталдық жоспарлаудың жобалары, өнеркәсіп зоналарын жоспарлау жобалары, құрылыс салу жобалары, объектілер мен жиынтықтардың бас жоспарлары, көгалдандыру мен абаттандырудың жобалары, басқа да жоспарлау жобалары);
      6) қаланы абаттандыру - қала аумағында адамдардың жағымды, ыңғайлы және салауатты өмір сүрулерін құруға бағытталған жұмыстар мен элементтер жиынтығы;
      7) қала құрылысы Кеңесі - жергілікті атқарушы органынның жанындағы консультативтік-кеңесші орган;
      8) құрылыс жоспары (жоспарлау құрылысы) - көлемді-жоспарлау, конструкциялау, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғаушылық, экономикалық және басқа да шешімдерді, сонымен қатар құрылысты жүргізу мен ұйымдастыру үшін, абаттандыру, аумақтарды инженерлік дайындауды қамтамасыз ететін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамалар;
      9) құрылыс салушы - жер пайдалануға немесе жеке меншік құқығы бар жер учаскесін қолдануға рұқсаты бар немесе құрылыс салу үшін меншікті жер телімін ұсыну туралы әкімшіліктің рұқсатын алған және белгіленген объекті құрылысын жандандыратын ұйғарымдағы заңды немесе жеке тұлғалар;
      10) құрылыс алаңы - тұрғызылатын объектілерді, уақытша құрылыстарды және құрылымдарды, техникаларды, топырақ үйінділерін, құрылыс материалдарын, өнімдерін, жабдықтарды сақтайтын және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін арналған аймақ;
      11) құрылыс салу сызығын басқару - ғимаратты, кешенді, құрылысты қызыл сызықтан немесе жер учаскесінен шегіндірумен бекітілетін құрылыс салу шекарасы;
      12) қызыл сызықтар - кварталдар, мөлтекаудандар және көшемен басқа да жоспарлау құрылымдарының элементтерін, жүріс жолдары мен алаңдар аумағын анықтайтын шекаралар. Қызыл сызықтар құрылыс салу шекарасын басқару үшін қолданылады;
      13) мемлекеттік сәулет және қала құрылыс органы - Балқаш қаласында сәулет және қала құрылысы саласындағы қызметті жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет және қала құрылысының жергілікті атқарушы органы;
      14) мемлекеттік бақылау органы - жобалау және құрылыс жұмыстарының құрылыс, өртке қарсы, санитарлық, экологиялық, табиғатты қорғау және басқа да нормаларға сәйкестігін келісуді жүргізетін жергілікті мемлекеттік орган;
      15) мемлекеттік сәулет және қала құрылысын бақылау органы - сәулет, қала құрылысы және құрылыс аймағында бақылау-қадағалау функциясын жүзеге асыратын облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасы;
      16) мердігерші ұйым - тапсырыс берушінің келісім-шарты бойынша лицензиямен құрылыс-монтаждау жұмысы қызметі түрін жүзеге асырушы заңды тұлға;
      17) сәулет қызметінің субъектілері - Балқаш қаласы аумағында тұрғылықты ортасын және тұрмыс-тіршілігінің дамуына және қалыптасуына үлес қосатын заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар;
      18) тапсырыс беруші - азаматтық заңнамаларға сәйкес өзінің міндеттерін жүзеге асыратын және құрылысқа келісім-шарт қатарын бекітетін заңды немесе жеке тұлға;
      19) телімді аумақ - тұрғын үй, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және рекреациондық зонаны орналастыру үшін, сонымен қатар инженерлік және техникалық құрылымдардың жеке бөліктері, басқа да объектілер, арнайы санитарлық-қорғау зоналарын талап ететін әсер етпейтін қызмет және орналастыру ұсынылған елді мекен аумағының бөлігі;
      20) үй алды аумағы - аула элементтерімен бос емес (жүріс жолдарымен, қонақжайлық қалталарымен, көгалдандыру аймағымен, трансформаторлық станциялармен, насостық, балалардың ойын алаңдарымен, спорттық алаңдармен және теңестірілген үйлердегі тұрғындардың дем алуына арналған орындармен) теңестірілген тұрғын үйлердегі көпшіліктің қолданысындағы жер учаскесінің аумағы;
      21) эксплуатациялаушы ұйымы - объектілерді және инженерлік коммуникацияларды (су құбырлары, канализация, электр және жылуэлектр желілері) пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
      22) өз бетімен құрылыс (құрылыс) - заңмен белгіленген тәртіпте осы мақсаттар үшін бөлінген жер учаскесінде құрылған (тұрғын үйлер, басқа да құрылыстар, кешендер, оның ішінде павильондар, сауда дүңгіршектері және сыртқы жарнама объектілері немесе басқа да жылжымайтын мүліктер) өз бетімен салынған құрылыс.

2. Сәулет және қала құрылысы қызметінің субъектілерімен жер учаскелерін пайдалану бойынша талаптар және жағдайлар

      5. Қала құрылыстарының жобаларын бекіту, келістіру және дайындау Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      6. Қала құрылысының негізгі түйінді мәселелері Балқаш қаласы әкімдігіне қарасты қала құрылысы Кеңесінде қарастырылады.
      7. Балқаш қаласы аумағының құрылысын Балқаш қаласының бас жоспарының дамуы, деталдық жоспарлау жобасы мен қала аудандарының құрылысының жобаларын іске асыру бойынша қалыптастырылуы.
      8. Қала құрылысы регламенттері және шектеулері жер пайдалану актісіндегі "жер учаскесіне міндеттеу" жолындағы және жер учаскесін жалға алу келісім-шартында көрсетілген.
      9. Құрылыс үшін алаң таңдау кезінде учаскені орналастыру сызбасында көрсетілген жоспарлау шектігін (құрылысты, қорғау аймағын, ауытқулар, ажыратушылықты реттеу сызығы) сақтау қажет.

3. Балқаш қаласының аумағында құрылыс салу және жобалау бойынша жалпы шарттар мен талаптар

      10. Жобалық-сметалық құжаттаманың құрамы және бекіту, келістіру, дайындау тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормаларына және ережелеріне сәйкес анықталады.
      11. Қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін құрылыс салу барысында алаңды таңдау және жобаны дайындау кезеңдерінде қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік органдарының келісімі қажет.
      12. Жергілікті сәулет, қала құрылысы және құрылыс салу органымен берілген сәулет-жоспарлау тапсырмасымен нақты жер учаскесін (трасса, алаң) объектіні орнату және негізгі параметрлерін тағайындауға талап кешендері. Сонымен қатар Балқаш қаласы үшін қала құрылысы регламентіне сәйкес, құрылысқа және жобалауға орнатылған міндетті талаптар мен шектеулер.
      13. Сәулет-жоспарлау тапсырмалары құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) өтініші бойынша сәулет және қала құрылысы органымен төмендегі негіздерде дайындалады және беріледі:
      1) құрылыс салушының (тапсырыс берушінің) өтініші;
      2) жер учаскесіне құқық орнатушы және құқықты куәландыратын құжаттар, жергілікті атқарушы органдардың объектілерді өзгертуге - қайта құрылымдауға (қайта жоспарлау, қайта құралдандыру) келісімі;
      3) әрекеттегі нормативтерге сәйкес құрылыс салушымен (тапсырыс берушімен) бекітілген жоспарлау тапсырмалары;
      4) инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттар.
      14. Қажет болған жағдайда өтініш беруші құрамы және көлемін мемлекеттік нормативтік құжаттармен белгіленген қосымша материалдар (мәліметтер) ұсынады.
      15. Жоспарлау, құрылыс және құрылыс салу, қайтадан салынған және игерілген тұрғын аудандарын қалыптастыру, абаттандыру кезінде мүгедектердің тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік ғимараттарына, құрылыстарға және жайларға кіріп-шығуы қарастырылуы қажет:
      1) қоғамдық ғимараттарға кіру үшін электромеханикалық көтергіш көмегімен көтерілуді қамтамасыз ету немесе пандус қарастыру керек:
      пандустың ені: біржақты қозғалыста – 1,0 метрден кем емес, екі жақты қозғалыста – 1,8 метрден кем емес болуы қажет;
      пандустың көлбеуі ұзын жағынан – 5 градустан аспауы қажет;
      пандустың екі жағынан немесе мүгедектердің қозғалысына арналған сатыларда биіктігі 0,9 метрден кем емес тұтқасы бар қоршаумен қамтамасыз етіп, пандус жиегінің биіктігі – 0,05 метрден кем болмауы. Бұл жағдайда 0,7 - 0,9 метр биіктікте екі жақты, ал мектепке дейінгі жастағы балалар үшін биіктігі 0,5 метр тұтқалар қарастырылуы қажет. Тұтқалардың ұзындығы пандустың немесе сатының ұзындығынан, әрбәр жағынан кем дегенде 0,3 метр артық болуы керек. Тұтқаның дөңгелек қимасының диаметрі 3-5 см немесе төртбұрышты қимасының ені 4 см артық емес болуы қажет;
      сатының екі жағынан 0,9 метр биіктікте тұтқалары бар қоршау болу қажет. Сатының баспалдақтары бітеу, тегіс және шығып тұрмайтын кедір-бұдыр болуы керек. Аяқтың, таяқтың, балдақтың таймауын қамтамасыз ету үшін баспалдақтардың екі шетінде биіктігі 0,02 м жиегі болуы керек. Сыртқы сатыдағы баспалдақтың ені – 40 см кем болмауы, баспалдақтың биіктігі – 12 см кем болмауы қажет;
      дәліздің ені мүгедектер арбасының еркін бұрылуы (айналуы) үшін алаң болуы тиіс. Мүгедектер арбасының бұрылуы (айналуы) үшін арналған алаңның өлшемі 1,4 х 1,4 метрден кем болмауы тиіс.
      16. Жер учаскелерін жоспарлау және құрылыс салу құрылыс жоспары негізінде іске асырылады. Жоспарлау және таңдау жұмыстары жоспарлау, таңдау ұйымдарымен, кәсіпорындармен және көрсетілген жұмысты жүргізуге сәйкес лицензиясы бар заңды және жеке тұлғалармен орындалады.
      17. Құрылыс жұмыстарын орындауға тиісті жұмыс лицензиялары бар құрылыс ұйымдары және кәсіпорындары, сонымен қатар жеке тұрғын үй, гараж, саябақ құрылысын өз күшімен іске асырушы құрылысшыға рұқсат беріледі.

4. Балқаш қаласының қоныстану аумағында құрылыс салу

      18. Жаңа тұрғын үй құрылысын салу тұрғылықты ортаның қалыптасуын, осы және құрылыстың басқа түрлері үшін экономикалық, тұрақтану инженерлік қамтамасыз ету деңгейін және елді мекендерге шағын әлеуметтік қызмет етуге кепілденген, өмір сүру жайлылығын қамтамасыз ететін қала құрылысы кешендері және кварталдары түрінде қарастырады.
      19. Тұрғын үй аумағының құрылысы сәулет-қала құрылысы құжаттамалары негізінде іске асады.
      20. Тұрғын үй аумағының және тұрғын үйлерді орналастырудағы жобалауда, олардың орналасқан жер учаскелерін және үйлерді күтіп ұстау және қамтамасыз ету мақсатында тұрғылықты және тұрғылықсыз көп пәтерлі үйлер ғимараттарының меншік иелерінің кондоминиумдарын ашу мүмкіндіктерін қарастыру қажет.
      21. Қайта жаңғырту және бар құрылысты толық пайдалану есебінен ғимараттар және кешендер құрылысы өртке қарсы, санитарлық-эпидемияға қарсы, қала құрылысы нормативтерін және қала құрылысы құжаттары талабын орындаған жағдайда іске асуы қажет.
      22. Тұрғын үй құрылысын жобалауда (жаңа құрылыс салу және қайта жаңалау) алаң құрамын және өлшемдерін орнатуды қарастыру қажет. Үй бойындағы (аулаішілік) аумақ келесідей қажетті элементтерді енгізеді: үйге келу және қайтар жолы, қонақжай автотұрақтар, ойын, спорт және демалу алаңдарымен жасыл желекті аумақтар.
      23. Жеңіл автокөліктерді тұрақты және уақытша сақтау үшін тағайындалған ашық көлік тұрақтар, жер үсті және жер үсті-жер асты, темір гараждарын орналастыру және техникалық қызмет көрсету станциялары бекітілген қала құрылыс құжаттамалары бойынша жүргізіледі, бұл жағдайда тұрғын үйлерден және қоғамдық ғимараттардан, сонымен қатар көпшілік пайдаланатын аймақта орналасқан мектеп ауласынан, балалар бақшасы-яслилерінен және стационар түріндегі емдеу мекемелерінен келтірілген нормалар бойынша қабылдау керек. Қоныстану аумағында бір көлік орынға гараж көлемі қабырға кіндігінен 4х6 метрден аспауы қажет.
      24. Квартал, үй маңындағы аймақтарға металл гараждар орнату Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және соларға теңестірілген адамдарға, І топ мүгедектеріне, уақытша қысқа мерзімде жер пайдаланудағы сәулет-қала құрылысы талаптары, бұған қоса гараж орналастыратын ауданда есепте тұруы және автотранспорттың техникалық паспортының болғандығы жағдайында рұқсат етіледі.
      25. Көпқабатты тұрғын үй және міндетті тәртіпте арнайы қоғамдық құрылыс салудың шешуші жобалары жергілікті атқарушы органмен келісіледі. Тұрғын үйлерге қосымша құрылыс салу тұрғын үй қорынан тұрғылықсыз құрамды жылжымайтын объектілерді шығару және барлық үйдің алдыңғы жағының (фасадының) жобасын шешуді құрылыс салушылардың ұсынуы шарттарымен жіберіледі. Барлық ғимараттардың алдыңғы жағының бекітілген жобасын шешуді сақтамай құрылыс жүргізген жағдайда құрылыс салушы Қазақстан Республикасы әкімшілік заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады. Құрылыс салушының жұмсаған шығындары өндірілмейді.
      26. Көп пәтерлі тұрғын үйлерде қосымша құрылыс салу есебінен тұрғылықты ауданын кеңейтуге жол берілмейді.
      27. Өртке қарсы автокөлік, көп қабатты ғимараттарға қызмет ету үшін жүргізу жолдары аумағына орналасқан жазғы кафе алаңдарын орналастыру және жобалау жеңіл ауыстырмалы төзімді қондырғылардан ғана рұқсат етіледі (үстел, орындықтар, қоршаулар, шатырлар және т.б.) Жазғы кафелерді орнату жеке тұрған мамандандырылған ғимараттар үшін рұқсат етіледі. Бұған қоса жазғы кафелерді үй аралары аумағына орнатуға рұқсат етілмейді. Жанатын жадығаттардан жасалған жазғы кафе алаңдарындағы, ғимаратқа таяу орналасқан 1, 2, 3 дәрежелеріндегі шатырлар мен төсемдердің ауданы отқа төзімділік 50 шаршы метрден аспауы керек. Мангалдарды орналастыру арнайы жабдықталған жайларда ғана рұқсат етіледі.
      28. Сауда объектілерінің тұрғылықты пәтерлерден реконструкцияланатын сауда залдарының көлемі 70 шаршы метрден асатын екіден кем емес эвакуациялық шығу жолы Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және талаптарына сәйкес болуы қажет.
      29. Жүру жолдарын және жаяу жүру жолдарын жобалауда тұрғын үйлері мен көпшілік ғимараттарға, оның ішінде қосымша салынған ғимараттармен, және әр пәтерлер мен ғимараттарды өртке қарсы жүре алатын автобаспалдақ немесе автокөтергіштермен қамтамасыз ету қажет.
      30. Жүру жолы шетінен ғимарат қабырғасына дейінгі ара қашықтық ереже бойынша 10 қабатқа дейінгі ғимараттар үшін 5-8 метрден кем емес болмайтындай алу керек.
      31. Эвакуациялық шығу есіктері мен басқа да есіктер эвакуация жолдарында ғимараттар шығу бағытымен ашылуы керек.
      32. Эвакуациялы болып табылатын жер қабаты және төменгі қабат бөлігімен шығатын есіктері ғимараттың жалпы баспалдақ торынан тікелей сыртқы оқшауланғаннан қарастыру керек.

5. Балқаш қаласының аумағында сервистің басқа объектілерін және жарнама кешендерін, қоғамдық көлік күту павильондарын, сауда дүңгіршектерін орналастыру

      33. Көшелердің бойына балмұздақ, газеттер, журналдар, гүлдер сататын дүңгіршектер орналастыруға рұқсат етіледі. Тұрмыстық қажеттіліктерді өтеуге арналған дүңгіршектер қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген әрекеттегі тәртіптер бойынша орналастырылады.
      34. Стационар сипаттағы жеке тұрған жарнамалық кешендерді орналастыру (билбордтар, жарық таблосы, стелла, пилондар, жарнама ілу транспоранттары) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру Ережесіне сәйкес іске асырылады және Балқаш қаласы аумағындағы нақты сәулет-қала құрылысы жағдайында анықталады. Көшелерде жүру жолдарының жоғарғы бөлігіне ілу-транспоранттарын орналастыру 5 метрден төмен емес, ал магистралдық көшелерде 6 метрден төмен емес болуы қажет.
      35. Бір және одан да көп ақпараттық (жарнама) хабарламаларсыз сыртқы жарнама (көрнекі) стационарлы объектілерін пайдалануға рұқсат етілмейді.
      36. Сауда дүңгіршектері, қоғамдық көліктерді күту павильондары, жарнама кешендері және сервис объектілері орналасқан жер учаскелері иелік етушімен қысқа мерзімге жер пайдалануға беріледі.

6. Балқаш қаласы аумағында өнеркәсіптік кәсіпорындарын жобалау және салу, орналастыру

      37. Қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына тікелей және жанама әсерін тигізетін жер учаскелерін таңдау кезінде және азаматтардың құқықтық қызығушылығын туғызатын (асфальт бетонды зауыт, құрылыс материалдарын өндіру, металлургиялық және химиялық кәсіпорындар, автомобильдерге май құю станциялары, жанар-жағар май материалдары қоймасы, автопарковкалар, наубайханалар және тағы басқалары) жоспарланған объектілерді орналастыру қоршаған орта, тұрғындардың денсаулығын бағалаумен және қоғам пікірлері есебімен жүзеге асырылуы қажет. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау экологиялық және басқа да салдарлар нұсқаларын анықтау, қоршаған ортаны сауықтыру, жойып жіберудің алдын алу, құлдыраушылық, зиян келтіру және табиғи экологиялық жүйе мен табиғат ресурстарын жүдетулік бойынша нұсқаулықтар дайындау мақсатында жүзеге асырылады. Қоршаған ортаға әсер етуді бағалау жоба алды және жобалық құжаттамалардың кезек күттірмейтін бөлігі болып табылатын құжаттар түрінде дайындалады. Қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін жобаларды дайындау мен іске асыру қоршаған ортаға әсер ету бағасынсыз рұқсат етілмейді.
      38. Құрылыс салу үшін ұсынылған жер учаскелерін пайдалану бойынша қала құрылыс талаптары елді мекеннің бас жоспары, құрылыс жоспарлау және салу, сондай – ақ осы Ереже негізінде тағайындалады.
      39. Жаңа құрылысты жоспарлау, қайтадан жаңарту (өңдеу, кеңейту, күрделі жөндеу, техникалық қайта жабдықтау) және объектілерді көріктендіру әрекеттегі заңдылықтарға сәйкес жүзеге асырылады.
      40. Жобаны әзірлеу келесі этаптар бойынша жүргізіледі:
      1) жоба алды құжаттарын әзірлеу (жобаның эскизі немесе құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемесі);
      2) жобалық құжаттарды "Қоршаған ортаны қорғау" тарауымен әзірлеу;
      3) жоба сараптамасы;
      4) жобаны бекіту.
      41. Қоршаған ортаға және тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізетін объекті салу жобалық материалдардың мемлекеттік экологиялық сараптама процедурасынан өткізілгеннен кейін және жоба шешімі бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы болған кезде рұқсат етіледі.

7. Инженерлік желілерді және кешендерді жөндеу және салу бойынша жұмыстарды жүргізу, жобалау тәртібі

      42. Объектілердің қызмет етулерін қамтамасыз етуші инженерлік желілердің ішкі алаңдық және шешілімдердің, сонымен қатар олардың ұзындықтарына тәуелсіз кешендер мен ғимараттардың ішкі желілерін жобалау берілген техникалық шарттарға сәйкес құрылыс салушылардың тапсырысы бойынша жүзеге асырылады. Инженерлік желілер мен кешендерді жобалау тиісті лицензиялары бар жобалау ұйымдары немесе жеке тұлғалармен іске асырылады.
      43. Барлық кезеңдегі және түрдегі инженерлік желілер жобасы 1:500 масштабта толықтай және қазіргі топогеодезикалық негізде дайындалуы керек.
      Инженерлік кешендер жобаларына (насосты, электр үйшігі станциясы) аталмыш жұмыс түріне лицензиясы бар заңды тұлғалардың сараптамасының қорытындысы болуы қажет.
      44. Өнеркәсіп жұмыстарына жауапты тұлғалардың инженерлік желілер мен кешендерде қауіп-қатердің алдын алу және болдырмаудың қажетті шараларын қабылдау үшін жұмыс орнына мүдделі ұйымдардың өкілдерін шақыртып, олармен бірге тұрған желілер мен кешендердің нақты орналасуын және олардың сақталуы үшін шаралар қабылдауды белгілеу керек. Жұмыс өндіру кезіндегі өздеріне тиесілі инженерлік желілер және кешендерді сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін, қажетті талаптарды сақтау бойынша мүдделі ұйымдардың басшылары жазбаша нұсқаулықтар жібереді және өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.
      45. Өндіріс жұмыстарына жауапты тұлға жұмыс басталғанға дейін төмендегілерді орындауы керек:
      1) қазылған шекараларға қоршаулар мен белгіленген үлгідегі жол белгілерін орнату;
      2) жаяу жүргіншілер жүретін жерлерге қолдығы бар жүргіншілер көпірлерін дайындау және қазылған учаскелерді түнгі уақыттарда жарықпен қамтамасыз ету;
      3) механизмдер жұмыс аймағында жасыл желектер болған кезде жасыл желектерді олардың қорғалуына кепілдеме беретін бітеу қалқаншалармен қоршау керек;
      4) транспорттық дөңгелектерді топырақтан тазалауды ұйымдастыру және көшенің жүретін бөлігінің жол жамылғыларының ластануына жол бермеу шараларын қабылдау.
      46. Жол жамылғыларына максималды сақтықта кепілдік беретін алдын ала дайындықсыз орларды дайындау жұмыстарына рұқсат етілмейді.
      47. Көшелерде, алаңдарда және басқа да абаттандырылған аумақтарда жер асты коммуникацияларын төсеу үшін орлар мен қазаншұңқырларды қазу келесі шарттарды сақтау негізінде жүргізіледі:
      1) жұмыс өндіріс жұмыстарының жобасына сәйкес қысқа учаскелерде орындалады;
      2) кезекті учаскелердегі жұмыстар алдыңғы учаскелердегі барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, сонымен бірге қайта жандандыру жұмыстары мен аумақты тазалағаннан кейін рұқсат етіледі;
      3) орлардан, қазаншұңқырлардан шығарылған топырақтар жұмыс орнынан шұғыл түрде жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық органның қадағалауымен келісілген орынға апарылуы керек;
      4) орлардың қайтадан көму қабатты тығыздаумен оңтайлы-қиыршық тас қоспасымен жүргізілуі қажет;
      5) магистралды инженерлік желілерді (қызыл сызықтан паралельді қызық сызыққа дейін) өткізу кезіндегі асфальтбетонды жабындысының ені 4-7 метр көшелер бойынша тұрған жолдардың жалпы еніне асфальтбетонды жабындылар қалпына келтіріледі, ал ені 7 метрден көп асфальтбетонды жабындыларды қалпына келтіру орлар және құрылыс механизмі аймағында орындалады;
      6) асфальтбетонды жабындыларының 1,5-2 метр енімен тротуарлар бойынша телефон канализациясын, электр желісін және басқа инженерлік желілерді өткізу кезінде асфальтбетонды жабындылар тротуардың жалпы енімен қалпына келтіріледі;
      7) жол жабындыларын қалпына келтіру, осы жолды тұрғызуға лицензиясы бар кәсіпорындар күшімен желілерді өткізу бойынша тапсырыс берушімен өндіріледі.
      48. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының аяқталуы немесе өндіру кезіндегі инженерлік желілер трассасы жобасына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылысты қадағалау басқармасымен бұл желілердің қайта салынуына нұсқау беріледі. Жобаға сәйкес келтіру үшін инженерлік желілерді қайта орнатуға және олардың қондырғыларына шығындар осы жұмыстарды өндіретін ұйымдар есебінен орындалады.
      49. Топырақ жолдарды қазу кезіндегі қазба жұмысын өндірген ұйым жұмыс аяқталғаннан кейін топырақты қайта тығыздаумен қайтадан жабуға міндетті. Топырақты қайтадан жабу мүмкін болмаған жағдайда бірікпейтін топырақпен жабуға болады.
      50. Инженерлік желілер өткізген орындарда асфальтбетонды жабынндының жоғарғы қабаты бүлінген жағдайда желілер иесі екі жыл ішінде, он күн мерзімде асфальтбетонды жабындыны қалпына келтіруге міндетті.
      51. Инженерлік желілердің және инженерлік кешендерді салуды аяқталуымен бірақ аяғына дейін топырақпен жабуға дейін құрылыс ұйымы атқарушы топографты-геодезикалық түсірілімін жасайды. Құдықтары және люктері (бұрылыстың бұрышынсыз тікелей учаскелерде) коммуникациялардың атқарушы түсірілімі, траншеяларға топырақ сепкеннен кейін және сыртқы абаттандыру элементтерінің толық қалпына келтіргеннен кейін орындалуы мүмкін.
      52. Құрылысы аяқталған инженерлік желілерін пайдалану беру мемлекеттік немесе жұмыс комиссияларымен іске асады. Инженерлік желілерді пайдалануға беру, абаттандыру элементтерін толық қалпына келтіруді және құдықтармен люктерді орнатуларды қосқанда, барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін іске асуы қажет.
      53. Қаланың ішкі кварталды аумағындағы және көшелердегі құдықтар, жылу камералары, люктеріне жауапкершілігі осы инженерлік желілері бар жүргізудегі пайдаланушы ұйымдар немесе ведомствалар мойнына алады.

8. Жылжымайтын жаңа объектілердің құрылысына және орнатуға рұқсат беру тәртібі

      54. Жер учаскелерін беру, осы мақсат үшін құрылысы құжаттарында қарастырылған аумақтарда іске асырылады. Құрылыс салушыға ғимараттар мен кешендер құрылысы үшін жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамаларымен және осы Ережелермен анықталады.
      55. Құрылыс салушы жылжымайтын жаңа объект құрылысына және орнатуға рұқсат алу үшін жер және қала құрылысы кадастры берілгендері бойынша жаңа немесе өз аумағында алаң іздестіреді және оңды нәтиже тапқан жағдайда жергілікті атқарушы органға өтініш береді. Өтінішке жаңа аумаққа немесе өзінің жеке меншік учаскесіне, қалаған учаскесінің шекарасы, оның мақсатты тағайындауы, құрылыстың тығыздық көрсеткіші және объектінің қуаттылығы белгіленген объектіні орналастыру сызбасы қоса беріледі. Егер өтініш беруші іздестіріліп отырған жер учаскесінің нақты орны мен өлшемдерін (шекарасын) көрсетсе, онда жергілікті сәулет және қала құрылысы органы одан учаскенің орналасқан жері бойынша, құрылыс салуға ұйғарылған объектінің негізгі параметрлерін негіздейтін ықшамдалған жоба алды материалдарды (эскиздерін) сұрауға құқығы бар.
      56. Объектілерді салуға арналған жер учаскесін таңдау жер және қала құрылысы регламенттеріне сәйкес келетін жергілікті сәулет және қала құрылыс органдарымен бірге қалалық жер қатынастары бойынша өкілетті органмен жүзеге асады.
      57. Құрылыс салуға жер учаскелерін таңдауды қарастыру мен келісім актілері комиссионды жүргізіледі және қаланың жер қатынастары бойынша өкілетті органмен, жергілікті сәулет және қала құрылысы органымен, мемлекеттік өрт бақылауымен, жол полициясымен, санитарлық-эпидемиологиялық бақылаумен, аймақтық қоршаған ортаны қорғау органымен және эксплуатациялау ұйымының өкілдерімен жүзеге асырылады.
      58. Объектіні салуға мәлімделген жер учаскесін ұсыну туралы өтінішті қарау мерзімі, сонымен қатар дәлелді бас тарту Жер кодексімен анықталады.
      59. Жекеменшік немесе жер пайдалану құқықтарына өтініш берушіге тиісті құрылыс салуға арналған учаскені пайдалануға рұқсат беру кіші кәсіпкерліктегі субъектілер үшін 10 күнтізбелік күн және заңды және жеке тұлғалар үшін өтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күнге дейін қарастырылады.
      60. Желіге қосылуға техникалық шарттарды ұсыну туралы қызмет жабдықтаушы өтінішін қарау мерзімі және жақын желіге шарттарды таратуға келісімі - 5 жұмыс күні.
      61. Жобаны дайындауға сәулет-жоспарлау тапсырмасын және бастапқы мәліметтерді беру үшін жергілікті сәулет және қала құрылысы органына ұсынылған өтініш берушілердің құжаттарын қарау мерзімі өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен аспауы керек.

9. Құрылыс-жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру

      62. Құрылыс-жөндеу жұмыстары өндірісіне рұқсат беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жаңа объектілер салу және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      63. Құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісіне рұқсат беру (дәлелді бас тарту) сәулет-құрылыс бақылау мемлекеттік органымен жүргізіледі.
      64. Рұқсат тізімі сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша өкілетті мемлекеттік органмен тағайындалатын ұсынылатын құжаттар мен өтініштер негізінде беріледі.
      65. Құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісіне рұқсат (құрылыс басында) берілген күннен бастап он екі ай бойы жарамды. Жарамдылық күнін келесі 12 ай мерзімге ұзарту алдын ала ұсынылған құжаттар есебімен тапсырыс берушінің жарамдылық мерзімінің бітуі туралы өтініші негізінде жүзеге асырылады. Рұқсатсыз объектілерді салу жұмысы, немесе күші жойылған рұқсат негізінде орындау рұқсат беруде көрсетілмеген жұмыстар заңсыз құрылыс салу болып табылады.
      66. Құрылыс ұйымдары өкілдерімен бірге заңды және жеке тұлғалар құжаттарды объекті шекараларын түсіру немесе алу кешендері туралы жер қатынастары бойынша өкілетті органдарда рәсімдейді және оларды қадағалауға жауапты болады.
      67. Құрылыс-монтаждау жұмысы өндірісі жобада белгіленген құрылыс салу мерзіміне сәйкес жүзеге асырылады. Құрылыс кезіндегі жобада және құрылыс жөндеу жұмыстары сапасын және сылақ жұмыстарында заң бұзушылықтар жасаған азаматтар және заңды тұлғалар заңға сәйкес міндеттілікті өз мойнына алады.
      68. Құрылыс монтаждау жұмыстары басталғанға дейін құрылыс алаңы биіктігі екі метрден кем емес жабық қоршаулармен қоршалуы керек. Алаңға кірер жерге объектінің атауы, салушының, мердігершінің аты, объекті салудың мерзімі көрсетілген ақпараттық жайма тақта орнатылуы керек.
      69. Тапсырыс берушілер кешенді немесе объект құрылыстарынының аяқталуы бойынша объектіні пайдалануға қабылдағанға дейін өкілетті органға жер қатынастары бойынша атқарушы топографиялық түсіріліміне тапсырыс беруге және тапсыруға міндетті.

10. Пайдаланудағы жылжымайтын ғимараттарды өзгертуге (күрделі жөндеуге, кеңейтуге, қайта құруға, қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, қайта пішіндеуге) рұқсат беру үрдісінің өту тәртібі

      70. Жаңа объектілер салуға және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген жаңа объектілер салу және қолда бар объектілерді өзгертуге рұқсат беретін рәсімдерді өткізу Ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      71. Көп пәтерлі үйлердегі тұрғын және тұрғылықты емес бөлмелерді жобалау құжаттарынсыз, жергілікті атқарушы органның, санитарлық эпидемиологиялық және өртке қарсы бақылау органдарының қортындыларынсыз, пайдаланушы органдардың келісімдерінсіз қайта жабдықтауға және қайта жоспарлауға рұқсат етілмейді ("Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 238 бабы).
      72. Жайларды қайта жабдықтау және қайта жоспарлауда басқа меншік иелері мүдделі болған жағдайда, онда олардың жазбаша келісімі қажет етіледі.

11. Жеке тұрғын үй құрылысы

      73. Жеке тұрғын үй құрылысы аудандарын қалыптастыру қаланы дамытудың бас жоспары, деталдық жоспарлау жобасы мен осы аудандарда құрылыс салу жобалары бойынша жүзеге асырылады.
      74. Бар құрылысты нығыздау және қайта жаңарту есебінен жеке тұрғын үйлер құрылысы қосылған аумақты ортаны сақтау және өртке қарсы, санитарлық-эпидемияға қарсы талаптар мен қала құрылысы нормативтерін сақтаған жағдайда жүзеге асырылуы қажет.
      75. Жеке тұрғын үй құрылысын салуға жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген Ережелерімен анықталған.
      76. Жеке тұрғын үй құрылысын бастауға жер учаскесін иеленуге және тұрғын үйдің жоспары, жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімінің келісімімен бекітілген құжаттар негіз болап табылады.
      77. Құрылысты салушы кез келген жоба бойынша және өзі жасаған, яғни бекітілген құрылыс және басқа да міндетті нормалар мен ережелерді бұзбайтын, жергілікті сәулет және қала құрылысы бөлімімен келісілген жоба бойынша салуға құқылы. Аулада орналасқан тұрғын үй өлшемдері мен басқа да құрылымдары жеке құрылыс салушымен анықталады, бұл үшін сыртқы габариттері осылардың арасындағы құрылымдар анықталған міндетті нормативтік, санитарлық, өртке қарсы және техникалық үзілістерді қамтамасыз етуі шарт.
      78. Салынатын тұрғын үйдің сапасына құрылыс жұмыстарын жүргізушілер жауапты.
      79. Жерге орналастыру жұмыстарының шекарасы қаланың жерге қатысты жер бөлімінің өкілетті органымен қамтамасыз етіледі және жер учаскесіне жеке тұрғын ұй құрылысын салатын тұлға қаржысы есебімен жүзеге асырылады.
      80. Жеке тұрғын үйдің меншік иесі құрылыс салу және басқа да міндетті нормалар мен ережелерді сақтай отырып, үйді және аула учаскесіндегі басқа да жылжымайтын мүліктерді қайта салуға немесе қайта жабдықтауға құқығы бар.
      Құрылысты қайта жабдықтау және қайта жоспарлау, қайта салумен байланысты жаңарту жергілікті сәулет және қала құрылысы органының келісімімен жүзеге асырылады.
      81. Жеке тұрғын үй құрылысы аумағындағы инженерлі жабдықтауды қалалық орталықтандырылған жүйеге қосумен, локальдық және кварталдық автономды кешендерді жабдықтау деп қарастыру қажет.
      82. Жеке тұрғын үйді қабылдау Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінде бекітілген Ережесіне сәйкес қабылдап алу комиссиясының актісімен ресімделеді.
      83. Қабылдау комиссиясының актісі жеке тұрғын үй салушының жеке меншік құқығы екенін білдіреді.

12. Ғимараттар мен кешендердің қасбеттерін қамтамасыз ету

      84. Иеліктерінде немесе қолданыстарында ғимараттар мен кешендер бар кәсіпорын мен ұйым жетекшілері көрсетілген объектілердің және олардың жеке элементтерін жөндеу және аула алдын сырлау, жаңарту өндірістік жұмыстарын өз уақытында жүргізуді, сонымен қатар аула алдында орналасқан мәлімет кестелерін, естелік тақталарын тазалықта және өңделген күйінде ұстауын қамтамасыз етулері керек.
      85. Құрылыс элементтері мен ғимарат алдына өз бетінше құралмен қайта жабдықтауға жол берілмейді.
      86. Шаруашылық жүргізуге немесе оперативтік басқаруға құқықты құрылыстары мен кешендері бар меншік иелері мен заңды тұлғалар қала құрылысы мен жобалау құжаттамаларына, қала құрылыс нормалары мен ережелеріне, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа да арнайы нормаларға сәйкес ғимараттар, құрылыстар, кешендер және жер учаскесіндегі басқа да жылжымайтын объектілерге өз қаражаты немесе оған жұмылдырылған қаржы есебінен жөндеу жұмыстары мен аула алдын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуі қажет.
      87. Жалға алу келісім-шартының шарттарына сәйкес ғимараттар мен кешендер қасбеттерін жөндеу, қайта құру мен жаңалау жұмыстарына ғимарат, жай және кешендерді жалға алушы міндетті болып табылады.

13. Құрылысы аяқталған объектілерді қабылдау

      88. Қайта жөндеу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта өңдеу және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін объектілерді қабылдап алу "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген тәртіпте жүзеге асырылады.
      89. Салынып біткен объектіні пайдалануға қабылдап алу бекітілген жобаға сәйкес толық дайын болғанда және жұмыс комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда мемлекеттік қабылдау комиссиясымен немесе қабылдау комиссиясымен жүргізіледі.
      90. Салынған объектіні пайдалануға қабылдау комиссиясының оң шешімінсіз жіберілмейді.
      91. Жеке жағдайларда жеке меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, салушы) техникалық жағынан қиын емес аяқталған құрылыс объектілерін іске қосуды қабылдауды өзі жүргізуге құқылы, соның ішінде:
      1) алып жүретін және қоршайтын инженерлік жүйе және жабдықтар, конструкциялардың өзгерісіне байланыссыз, бір қабатты тұрғын үй немесе тұрғылықсыз жайларды (ғимараттың жеке бөліктерін) қайта жаңалау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау);
      2) ауысымдық жұмыстар үшін тұрмыс жайлары мен айдамалы мал шаруашылығын қосқанда уақытша құрылыс салу;
      3) жеке меншік аула алды участкелері аумағында шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар, бақша және бау серіктестіктері (қоғамы) учаскелеріндегі құрылыс, үй маңындағы аумақтарда немесе саяжайлар учаскелерінде абаттандыру элементтері;
      4) көлік саны 50-ден аспайтын ашық типті автотұрақтар, сонымен қатар 2 машинадан көп емес боксы бар көлік жайлар;
      5) конструкциялық өзгерістер жасалмайтын ғимараттарда жүзеге асырылатын өндірістік емес жайларды қайта жоспарлау (қайта жабдықтау);
      6) аз архитектуралық формалар және аумақтарды қоршау;
      7) ашық спорт алаңдары, тротуарлар, ғимараттың (кешеннің) айналасына төсеу.
      Ереженің негізгі тармағындағы шамалар 1 тармақшада көрсетілген жайларды өзгертуге (ғимараттың жеке бөліктерін) қолданылмайды, сонымен қатар атап өтілген техникалық қиын емес объектілерді эксплуатациялау және салу басқа азаматтардың құқықтарына қысым көрсетеді не мемлекеттік және (немесе) қоғамдық көзқарастарға қайшы келеді.
      Ереженің негізгі тармағындағы шамалар мемлекет есебінен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын құрылыс объектілеріне таратылмайды.
      92. Қабылдау комиссиясының актісі мемлекеттік органдарда жылжымайтын мүліктерді тіркеу құқығы және олармен келісімде объектілерді тіркеу үшін негіз болып табылады.
      93. Объектілерді эксплуатациялаудың жарамдылық мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес көрсетіледі.

14. Қала құрылыс қызметін жүзеге асыруды бақылау

      94. Қала құрылысы аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталған қала құрылыс қызметін жүзеге асыруды бақылау бас жоспарға және басқа да қала құрылысы құжаттамаларына, мемлекеттік қала құрылысы нормативтері мен осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

15. Осы Ережені бұзғандығы үшін жауапкершілік

      95. Осы Ережені бұзғандығы үшін барлық жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес жауапқа тартылады. Әкімшілік жауапкершілік шараларының қолданылуы тәртіп бұзушыларды, олармен келтірілген материалдық зиянды өтеуден және жіберілген бұзушылықты жоюдан босатылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады