Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 313 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын iске асыру туралы" Қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 Қаулысына сәйкес, ер жынысты азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын сапалы және ұйымдық өткізу мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыру пункті Абай қаласы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 22 үй мекен-жай бойынша жабдықталсын.
2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы (бұдан әрі - Заң) 20 бабының 1 тармағына сәйкес келесі құрамда аудандық шақыру комиссиясы құрылсын:
1) Үйсінбай Әлиұлы - Абай ауданданының қорғ
Қанафин істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, шақыру комиссиясының
төрағасы (келісім бойынша);
2) Ольга Васильевна - Абай ауданы әкімі аппаратының
Цой әлеуметтік бағдарламаларды
талдау және мониторингі
бөлімінің бастығы, шақыру
комиссиясы төрағасының
орынбасары;
комиссияның мүшелері:
3) Виталий Петрович - Абай ауданының ішкі істер
Дедов басқармасы бастығының
орынбасары, полицияның
подполковнигі (келісім
бойынша);
4) Валерий Тимофеевич - Абай қаласы емханасының
Василенко дәрігер-хирургі, медициналық
комиссияның төрағасы (келісім
бойынша);
5) Зәмзәгүл Керімқызы - Абай қаласы емханасының
Сәкенова мейірбикесі медициналық
комиссияның хатшысы
(келісім бойынша).
Шақыру комиссиясы төрағасының немесе комиссия мүшелерінің ауырған немесе дәлелді себептермен жоқ болған жағдайда комиссия төрағасының міндеттерін орындау Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары Бауыржан Кеңесбайұлы Мукашевқа, комиссия төрағасы орынбасарының міндеттері Абай ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік бағдарламаларды талдау және мониторингі бөлімінің бас маманы Август Шарападинұлы Таласовқа, комиссия мүшелерінің міндеттері Абай ауданының ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қуатбекұлы Сақиповқа және медициналық комиссиясы төрағасының міндеті Абай қаласы емханасының терапевт дәрігері Тамара Ивановна Пауткинаға жүктелсін.
3. Аудандық шақыру комиссиясы өз жұмысында Заңның 19, 20, 21, 23, 27, 28 баптарының талаптарын қатаң басшылыққа алсын.
4. Аудандық шақыру комиссиясы 2010 жылдың сәуірінен маусымына дейін және қазанынан желтоқсанына дейін кезеңде шақырудан босатылуға немесе мерзімді кейінге қалдыруға құқықтары жоқ, он сегізден жиырма жетіге дейін жастағы ер жынысты азаматардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын бастасын.
5. Шақыру комиссиясының төрағасы (келісім бойынша Үйсінбай Әлиұлы Қанафин):
1) комиссияның толық емес құрамда отырыстарының жағдайларына жол берілмесін және ер жынысты азаматтардың мерзімді әскери қызметке шықырылуы белгіленген мерзімде ұйымдастырылуы және өткізілуі бойынша Заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
2) ер жынысты азаматтардың шақыру комиссиясына шақырылуын белгіленген мерзімдерде өткізсін және әскерге шақырылушылардың шақыру учаскесіне келуінің бақылануын қамтамасыз етсін;
3) әскерге шақырылушылардың шақыру комиссиясына дәлелді себептерсіз келмеуінің барлық жағдайлары жөнінде оларды іздестіру үшін Абай ауданының ішкі істер басқармасына хабарласын;
4) әскерге шақыру науқанының өткізілуіне жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы қаражаттарды тиімді пайдалану мақсатында автокөлік қызмет көрсетулердің және коммуналдық қызмет көрсетулердің мемлекеттік сатып алуларды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүргізсін;
5) шақыру науқанын және медициналық куәландыруды өткізу кезеңінде, әскерге шақырушылардың арасында инфекциялық және паразитарлық аурулардың пайда болуын және таратылуын алдын алу мақсатында әскерге шақыру учаскесінде және дәрігерлік кабинеттерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың және ережелердің сақталуын қамтамасыз етсін;
6) 2010 жылдың сәуірінен маусымына дейін және қазанынан желтоқсанына дейін ер жынысты азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізудің кестесі бекітсін;
7) 2010 жылдың маусымында және желтоқсанында Абай ауданының әкіміне ер жынысты азаматтардың мерзімді әскери қызметке өткізілген шақырылудың нәтижелері туралы ақпаратты ұсынсын.
6. "Абай қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (келісім бойынша Қуан Жақұлұлы Жақұлов):
1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының өкіміне әскери қызметке шақырылуға жататын ер жынысты азаматтардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін дәрігерлердің, мамандардың, орта медициналық қызметкерлердің қажетті санын бөлсін;
2) ер жынысты азаматтардың медициналық куәландырылуын өткізу үшін бөлінген дәрігерлердің, мамандардың және орта медициналық қызметкерлердің ауырып қалған жағдайында оларға алмастырушылар ескерілсін;
3) Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының жоспары мен есебіне сәйкес Абай ауданының емдеу мекемелері арқылы кеуде қуысының флюорографиясын, электрокардиограмманы, анализдердің тапсырылуын өткізуді ұйымдастырсын;
4) шақыру учаскесін қажетті дәрі-дәрмектермен, құрал-саймандармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етсін.
7. "Абай қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (келісім бойынша Ержан Шәкенұлы Рамазанов), "Аудандық медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (келісім бойынша Наталья Григорьевна Белан) ауданның стационарлық емдеу мекемелерінде әскерге шақыру комиссиясының жолдауы бойынша әскерге шақырушылардың денсаулық жағдайын қосымша қарау үшін төсек орындарының резервін даярласын.
8. Абай ауданы ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша Сраил Смаилұлы Айдаров) Заңдағы 18 баптың 3, 5 тарамақтарына және 44 баптың 2 тармағына сәйкес:
1) анықтау немесе алдын ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқан әскерге шақырушылар туралы Абай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығын хабардар етсін;
2) әскери міндетін атқарудан бас тартқан тұлғаларды іздеу, ұстау және жеткізуді жүзеге асырсын;
3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскерге шақырылғандарды жіберу және шақыру кезеңінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
4) мемлекеттік автоинспекция қызметкерлермен Қарағанды қаласының облыстық жиналу пунктіне, сондай-ақ ауыл және кенттерінен әскерге шақырылғандарды шығарып салынуы және кері қайтуы сүйемелденуін қамтамасыз етсін.
9. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Серік Әйткенұлы Ақсанов) шақыруды өткізу кезеңінде техникалық жұмыстарды орындау үшін Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 8 адам санында қоғамдық жұмыскерлерді бөлсін.
10. Абай ауданының қаржы бөлімінің бастығы (Сайран Әбдуәлиұлы Садық) 2010 жылға арналған шақыруға байланысты шаралардың уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
11. Меншік нысанына қарамастан кәсіпорын, ұйымдар және мекемелердің басшылары:
1) азаматтарды олардың қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандығы туралы хабардар етсін және олардың уақытылы келуін қамтамасыз етсін;
2) демалыстағы және іс сапардағы барлық әскерге шақырушылар кері қайтарып алынсын;
3) әскери қызметке шақырылуына байланысты әскерге шақырылғандар белгілі бір уақытқа жұмыстан босатылсын;
4) ауыл және кенттердегі әскерге шақырылғандардың бастапқы әскери дайындық оқытушы - ұйымдастырушылармен, әскери-есеп үстелінің инспекторлармен және полицияның учаскелік инспекторларымен сүйемелденуі қамтамасыз етілсін.
12. Заңдағы 44 баптың 4 тармағына сәйкес медициналық, техникалық жұмыскерлерінің, әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің қызмет орындары, атқарылатын қызметі мен орта табысы әскерге шақыру бойынша міндеттерді орыдаудың уақытында сақталады.
13. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы "2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" N 12/05 қаулының (Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 24 мамырында N 8-9-64 тіркелген және де "Абай-Ақиқат" аудандық апталық газетінің 2009 жылдың 12 маусымындағы N 26 басылымында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
14. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ібырәхым Ісләмұлы Ісләмовке жүктелсін.
Абай ауданының әкімі | Т. Алтынбеков |
КЕЛІСІЛДІ | |
Абай ауданы ішкі істер | |
басқармасының бастығы | С.С. Айдаров |
"Аудандық медициналық бірлестігі" | |
коммуналдық мемлекеттік қазынашылық | |
кәсіпорынның директоры | Н.Г. Белан |
"Абай қаласының емханасы" коммуналдық | |
мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның | |
директоры | Қ.Ж. Жақұлов |
Абай аудандық қорғаныс | |
істері жөніндегі бөлімінің бастығы | Ү.Ә. Қанафин |
"Абай қаласының орталық ауруханасы" | |
коммуналдық мемлекеттік қазынашылық | |
кәсіпорынның директоры | Е.Ш. Рамазанов |