2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы N 12/05 қаулысы. Қарағанды облысы Абай ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 мамырда N 8-9-64 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 08/29 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.04.23 N 08/29 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17 сәуірдегі N 543 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан –желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" қаулысына сәйкес, азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде, сапалы өткізу мақсатында, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскерге шақыру пункті Абай қаласы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл көшесі, 22 үй мекен-жай бойынша бейімделсін.
      2. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 20-бабының 1-тармағына (әрі қарай - Заң) сәйкес ауданның әскерге шақыру комиссиясының дербес құрамы бекітілсін:
      1) Үйсынбай Әлиұлы Қанафин     - Абай ауданы қорғаныс істері
                                       жөніндегі бөлімінің бастығы,
                                       әскерге шақыру комиссиясының
                                       төрағасы;

      2) Нұрлан Маусымбекұлы Тлесов  - Абай ауданы ішкі саясат
                                       бөлімінің бастығы, әскерге
                                       шақыру комиссия төрағасының
                                       орынбасары;

комиссия мүшелері:

      3) Ержан Махметұлы Саукомбеков - Абай ауданының ішкі істер
                                       бөлімі бастығының орынбасары;

      4) Василий Васильевич Борис    - Абай қалалық емханасының
                                       хирург-дәрігері, медициналық
                                       комиссиясының төрағасы;

      5) Кравченко Таисия Алексеевна - Абай қаласы емханасының
                                       мейірбикесі, медициналық
                                       комиссиясының хатшысы.

      Әскерге шақыру комиссия төрағасының немесе комиссия мүшелерінің ауырған немесе дәлелді себебімен жоқ болған жағдайда комиссия төрағасының міндеттерін орындау Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қызметкері запастағы офицерлермен және кадрлармен жұмыс істеу жөніндегі тобының бастығы - Наталья Михайловна Шевчукқа, комиссия төрағасы орынбасарының міндеттері Абай ауданының ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары Төлеутай Рахметоллаұлы Естекбаевке, комиссия мүшелерінің міндеттері Абай ауданының ішкі істер басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Виталий Петрович Дедовқа және медициналық комиссиясының төрағасы Абай қаласы орталық аурухананың терапевт-дәрігері Валентина Васильевна Васюхноға енгізілсін.
      3. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы өз жұмысында Заңның 19 бабын, 20-бабының 1, 3 тармақтарын, 21, 22, 23, 27, 28 баптарын талаптары қатаң басшылыққа алсын.
      4. Аудандық әскерге шақыру комиссиясы 2009 жылдың көктемінде сәуірінен маусымына дейін және күзде қазанынан желтоқсанына дейін азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын басталсын.
      5. Әскерге шақыру комиссиясының төрағасы (Үйсынбай Әлиұлы Қанафин келісім бойынша):
      1) толық емес құрамымен комиссия отырысын болдырмау және  Заңның азаматтарды жедел әскери қызметке шақырудың белгіленген мерзімде ұйымдастыру және өткізу жөнінде талаптарын орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) азаматтарды әскерге шақыру комиссиясына шақыруды белгіленген уақытында өткізсін және шақыру учаскелеріне шақырылушылардың келуін бақылау қамтамасыз етсін;
      3) шақырылушылардың әскерге шақыру комиссиясына дәлелді себепсіз келмеуінің барлық жағдайларын, оларды іздеу үшін Абай ауданының ішкі істер басқармасына хабарласын;
      4) әскерге шақыру науқанын өткізуіне жергілікті бюджетінен бөлінген қаржы қаражатын тиімді пайдалану мақсатында автокөлік қызметін және коммуналдық қызметін мемлекеттік сатып алуларды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес жүргізсін;
      5) әскери қызмет науқанын және медициналық куәландыруды өткізу уақытында, шақырылушылардың арасында инфекциялық және паразитарлық ауруларының пайда болуын және таратылуын болдырмау мақсатында әскерге шақыру учаскесінде және дәрігерлік кабинеттерінде санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын сақтауын қамтамасыз етсін;
      6) 2009 жылдың сәуірінен маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін азаматтарды жедел әскери қызметке шақырудың өткізу кестесін бекітсін;
      7) 2009 жылдың маусымында және желтоқсанында Абай ауданының әкіміне жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің қорытындысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      6. "Абай қаласының емханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (Қуан Жақұлұлы Жақұлов келісім бойынша):
      1) қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының өкімі әскери қызметке шақыруға жататын азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін қажетті дәрігерлер, орта медициналық қызметкерлер санын бөлсін;
      2) азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін бөлінген дәрігерлердің және орта медициналық персонал мамандардың ауырған жағдайда оларды ауыстыру қарастырылсын;
      3) Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының жоспары мен есебіне сәйкес Абай ауданының емдеу мекемелері арқылы кеуде қуысының флюорографиясын, электрокардиограмманы, анализдерінің тапсыруын өткізуді ұйымдастырсын;
      4) әскерге шақыру учаскесін керекті дәрі-дәрмектермен, жабдықтармен және медициналық мүлікпен қамтамасыз етсін;
      5) азаматтарды жедел әскери қызметке шақыруын өткізгеннен кейін және Абай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы медициналық куәландыруда денсаулық жайымен әскери қызметке уақытша жарамсыз болып танылған әскерге шақырылушылардың тізімін ұсынғаннан кейін, олардың емдеу мекемелеріне тіркеп, емделуін қамтамасыз етсін.
      7. "Абай қаласының орталық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (Ақылбек Бектұрсынұлы Тулекин келісім бойынша), "Абай ауданының медициналық бірлестігі" коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорынның директоры (Наталья Григорьевна Белан келісім бойынша) ауданның стационарлық емдеу мекемелерінде әскерге шақыру комиссиясының жіберуі бойынша әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша қарау үшін төсек орындарының резервін қамтамасыз етсін.
      8. Абай ауданының ішкі істер басқармасы бастығының м.а. (Даурен Хамитұлы Оспанқұлов келісім бойынша) Заңның 18-бабының 3, 5 тармақтарына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес:
      1) анықтау немесе алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілетін әскерге шақырылушылар туралы Абай ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына хабарласын;
      2) әскери міндетін атқарудан бас тартқан тұлғаларды іздеу, ұстау және жеткізуді жүзеге асырсын;
      3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскерге шақыру және әскерге шақырылушыларды жіберу кезеңінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
      4) мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің Қарағанды қаласының облыстық жиын пунктіне, сондай-ақ ауыл және кенттерден әскерге шақырылушыларды шығарып салуын және кері қайтуын қамтамасыз етсін.
      9. Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына (Серік Әйткенұлы Ақсанов) әскерге шақыруын өткізу уақытында техникалық жұмыстарды орындау үшін Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне 8 адам санымен қоғамдық жұмыскерлерді бөлсін.
      10. Абай ауданының қаржы бөлімінің бастығына (Сайран Әбдуәлиұлы Садық) 2009 жылға әскерге шақыруға байланысты іс-шараларды уақытылы қаржыландыру қамтамасыз етсін.
      11. Ауыл және кент әкімдеріне, меншік нысанасына қарамастан кәсіпорын, ұйымдар және мекемелерінің басшыларына:
      1) Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының талабы бойынша қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру туралы азаматтарды хабарландырсын және олардың уақытында келуін қамтамасыз етсін;
      2) іс сапардағы және демалыстағы бүкіл шақырылушылар шақырып алынсын;
      3) әскери қызметке шақыруына байланысты уақытында шақырылушылар жұмыстан босатылсын;
      4) ауыл және кенттеріндегі шақырылушыларды әскери-есептік үстелінің инспекторларымен және полицияның учаскелік инспекторларымен шығарып салуын қамтамасыз етсін.
      12. Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес медициналық, техникалық жұмыскерлерінің әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің қызмет орындары, атқарылатын қызметі мен орта табысы әскерге шақыру уақытында сақталады.
      13. Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 4 қыркүйектегі N 25/14 "2008 жылда кезекті жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" Абай ауданының Әділет басқармасында 2008 жылдың 26 қыркүйегінде N 8-9-46 тіркелген, "Абай Ақиқат" аудандық апталық газетінде 2008 жылдың 3 қазанында N 40 жарияланған қаулының күші жойылды деп танылсын.
      14. Абай ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 2 сәуірдегі N 08/01 "2009 жылдың сәуір-мамыр және қазан-желтоқсан айларында өтетін жедел әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы" қаулысы жойылсын.
      15. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ібырәхым Ісләмұлы Ісләмовқа жүктелсін.
      16. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Т. Алтынбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Абай аудандық қорғаныс                     Қанафин
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы         Үйсынбай Әлиұлы

      Абай ауданының ішкі істер                  Оспанқұлов
      басқармасы бастығының м.а.                 Даурен Хамитұлы

      "Абай қаласының емханасы"                  Қуан Жақұлұлы
      коммуналдық мемлекеттік                    Жақұлов
      қазынашылық кәсіпорынның
      директоры

      "Абай қаласының орталық ауруханасы"        Ақылбек Бектұрсынұлы
      коммуналдық мемлекеттік қазынашылық        Тулекин
      кәсіпорынның директоры

      "Абай ауданының медициналық бірлестігі"    Наталья Григорьевна
      коммуналдық мемлекеттік қазынашылық        Белан
      кәсіпорынның директоры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады