Жидебай селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Жидебай селолық округі әкімінің 2010 жылғы 17 қарашадағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 8-10-124 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, жидебай селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 10 маусымындағы N 05, 06, 07, 08 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының ұйғарымына сәйкес Жидебай селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәуле ауылындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
      N 1 көшесі – Жастар көшесі деп;
      N 2 көшесі - Қонырат көшесі деп;
      N 3 көшесі - Ақтоғай ауданының 80 жылдығы көшесі деп;
      N 4 көшесі - Республика көшесі деп;
      N 5 көшесі - Достық көшесі деп;
      N 6 көшесі - Бейбітшілік көшесі деп;
      N 7 көшесі - Тоқырауын көшесі деп;
      N 8 көшесі - Тәуелсіздік көшесі деп қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жидебай селолық
      округінің әкімі                            Қ. Изақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады