Қараменде би селолық округіндегі көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қараменде би селолық округі әкімінің 2010 жылғы 15 қарашадағы N 1 шешімі. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 14 желтоқсанда N 8-10-122 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Қараменде би селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 25 мамырдағы N 02, 03, 04, 05 жиналыс хаттамаларына және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 23 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Қараменде би селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақтас селосындағы көшелердің бұрынғы атаулары өзгертілсін:
      Бірінші көшесі - Еңбек көшесі деп;
      Екінші көшесі – Алаш көшесі деп.
      2. Қуаныш елді мекеніндегі көшелердің атаулары өзгертіліп:
      Бірінші көшесі – Егемендік көшесі деп;
      Екінші көшесі – Кенішбай ақын көшесі деп қайта аталсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қараменде би селолық
      округінің әкімі                            Қ. Жаңысбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады