Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық – географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Қызыларай селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 1 жиналыс хаттамасы және аудандық онамастика комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы ұйғарымына сәйкес Қызыларай селолық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстанның 60 жылдығы көшесі – Егемен Қазақстан көшесі деп;
2. Ленин және Октябрьдің 40 жылдығы көшелерін біріктіріліп – Сеңкібай би көшесі деп аталсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Селолық округі әкімі Р. Абеуов