Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық–географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің Тәртібін бекіту туралы" N 281 қаулысына, Тораңғалық селолық округі тұрғындарының 2008 жылғы 24 маусымындағы село тұрғындарының ұсынысы негізінде және Ақтоғай ауданының әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2008 жылғы 26 маусымдағы N 188/1-9 ұйғарымына сәйкес Тораңғалық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 30-лет Победы көшесі - Жеңіс 30 жыл деп;
Спортивная көшесі – Спорт көшесі деп;
Школьная көшесі – Мектеп көшесі деп;
Абая көшесі – Абай көшесі деп;
Молодежная көшесі - Жастар көшесі деп;
Набережная көшесі - Жағалау көшесі деп;
Зеленая көшесі - Жасыл көшесі деп;
Целинная көшесі - Тың игеру көшесі деп;
Фабрика көшесі - Астананың 10 жылдағы көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тораңғалық селолық округінің
әкімі Т. Жармалинов