Қызылқайың ауылдық округі бойынша некробактериоз шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 12 тамыздағы N 21/01 қаулысы. Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 24 тамызда N 8-11-99 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 маусымдағы N 16/17 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 03.06.2016 N 16/17 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10 бабының 2 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 18 тармақшасын басшылыққа алып, Бұқар жырау ауданы бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының ұсынысының негізінде, Қызылқайын ауылдық округінің аумағында ірі қара малдар арасында некробактериоз тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ірі қара малдар арасында некробактериоз тіркелуіне байланысты, Қызылқайың ауылдық округінің аумағында орналасқан "Қарағанды фармацевтикалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тәжірибие - өндірістік шаруашылықта некробактериоз бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Шектеу шарттары бойынша тиым салынсын:
      1) шектеу қойылған аумақ арқылы аурудан таза жануарларды тасымалдауға (енгізуге), сыртқа шығаруға (әкетуге), тек оларды етке союға жіберген жағдайдан басқа;
      2) эпизоотикалық ошақтар анықталған аумақтардан басқа аумақтарға әкету үшін шөп, сабан және басқа мал азығын дайындауға, сонымен қатар мал және адамдардың топталуына байланысты шаралар өткізуге;
      3) некробактериозбен ауырған малдар олардың асыл тұқымдығына және өндірістік мәніне, салмағына, жасына, буаздығына қарамастан толық сауыққанға дейін симптоматикалық емдеу жүргізу үшін басқа малдардан оқшаулансын.
      3. Некробактериозге бейім малды (оның ішінде асыл тұқымды) сатып алған жағдайда, олар 30 күн бойы басқа малдардан оқшаулап ұсталсын.
      4. Бұқар жырау ауданы ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі белгіленген мерзімде шектеу іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін және ауыл шаруашылығы малдарының некробактериозбен күресу және алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлесін.
      5. Қызылқайың ауылдық округінің әкімі (Раушан Серікбайқызы Жүкенова) шектеу іс-шараларын ұйымдастыруға ықпал жасасын.
      6. Ішкі істер басқармасы (Серік Сағымбайұлы Әлиев) (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігінің Бұқар жырау ауданы аумақтық инспекциясы (Ербол Омарбайұлы Садиров) (келісім бойынша) селолық округтар мен кенттер әкімдері аппараттарының бас мамандары - ветеринариялық дәрігерлерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы малдарының орын ауыстыруына бақылауды күшейтсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Манат Сәлімұлы Құрманғалиевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Е. Нашаров
Келісілген
 
Бұқар жырау ауданының
 
бас мемлекеттік
 
ветеринариялық-санитарлық
 
инспекторы
Е. Садиров
11.08.2010 ж.
 
Аудандық ішкі істер
 
басқармасының бастығы
С. Әлиев

      
      11.08.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады