Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 28.12.2011 N 392 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 4 бабының 2 тармағының 5 тармақшасы және 18-1 бабына сәйкес Жаңаарқа ауданы аумағында нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Жаңаарқа ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу ережесі бекітілсін.
2. 2010 жылы Жаңаарқа ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі (N 1, 2 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
3. Уәкілетті органы - "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Жұмыспен қамту бөлімі) бастығы Шолпан Қалұқызы Ибраеваға:
1) заңда белгіленген тәртіппен жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
2) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілермен типтік келісім - шарттар жасау тапсырылсын.
4. Бір әлеуметтік жұмыс орнына республикалық трансферттерден бөлінген қаражат есебінен айына 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде, Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалған 50 пайыздық үлесін есепке ала отырып, айына 40000 (қырық мың) теңге мөлшерінде белгіленіп еңбекақылары төленсін.
5. Аталған қаулының N 2 қосымшадағы бір әлеуметтік жұмыс орнына аудандық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен айына 7476 (жеті мың төрт жүз жетпіс алты) теңге мөлшерінде, Жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыс берушінің арасында жасалған шартпен айқындалған 50 пайыздық үлесін есепке ала отырып, айына 14952 (он төрт мың тоғыз жүз елу екі) теңге мөлшерінде белгіленіп еңбекақылары төленсін.
6. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарына алған адамдарға орташа айлық аударым мөлшерінен міндетті түрде зейнетақы жарналары мен жеке табыс салығын аударуға міндетті.
7. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы Амангелды Жылқыбаевқа республикалық трансферттен және Жаңаарқа ауданының бюджеті қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтағы жұмыссыздардың еңбек ақысын қаржыландыруын және жұмыс берушілер тарапынан жасалынған аударымдарды қадағалау тапсырылсын.
8. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Жандәулетұлы Жандәулетовке жүктелсін.
9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 сәуірінен пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі Х. Омаров
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 наурыздағы
N 57 қаулысымен бекітілген
Нысаналы топтардағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу Ережесі
1. Жұмыс беруші уәкілетті орган "Жаңаарқа ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (одан әрі - Уәкілетті органы) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінім береді.
2. Уәкілетті орган әлеуметтік орындарын ұйымдастыруды ұсынушы жұмыс берушілерді іріктеуде келесідей талаптарды ескереді: кәсіпорынның қаржылық қабілеттілігі, жалақыны уақытылы төленуі, жұмыс орнының қауіпсіздік техникасы нормасына сәйкестігі, кәсіпорында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сақталуы, Уәкілетті органмен келісілген келісім-шарт уақытының аяқталғаннан кейін жұмыссызға тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі. Жұмыс беруші іріктеуге қатысу үшін құрылтайшы құжаттарын немесе жеке кәсіпкердің куәлігін ұсынады.
3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыру үшін Уәкілетті органмен келісім-шартқа отырады. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, жұмыс түрі, көлемі, тараптардың жауапкершілігі ерекше жағдайлар, шарттың қолдану мерзімі көрсетіледі. Шарттың қолданылу мерзімі 6 айдан аспау керек. Жұмыс уақытша сипатқа ие болғандықтан әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындарына пайдаланылмайды.
4. Уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруға нысаналы топтардағы жұмыссыздарға жолдама береді.
5. Жұмыс беруші жолдама алған жұмыссызды әлеуметтік орындарға алады, онымен келісім-шартқа отырады, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын ұсынады.
6. Әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмыссыздарды жұмыспен қамту мерзімі алты айға дейін.
7. Жұмыс беруші еңбек ақыны төлеуде шығындардың орнын толтыру үшін ай сайын ағымдағы айдың 20 күніне дейін Уәкілеттік органға бекітілген тәртіпте келесі құжаттарды ұсынады: жұмысқа алу туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу тізімін, әлеуметтік жұмыс орындарына алынған жұмысшылар есебі мен атқарылған жұмыс актісі.
8. Нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеудің ережесінің орындалуын бақылау Уәкілетті органға жүктеледі.
9. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес салық және зейнетақы аударымдарды жүзеге асырады.
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 наурыздағы
N 57 қаулысына
N 1 қосымша
2010 жылғы әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын мекеме, кәсіпорындарының тізімі
N р/с |
Мекеме кәсіпорындарының атауы |
Жұмыс түрлері |
Мерзімі |
Адам саны |
Жұмыс көлемі (мың теңге) |
1 |
"Береке-2008" ауылдық тұтынушы кооперативі |
Ұннан жасалған тағамдарды әзірлеу және әр түрлі жұмыстар |
6 ай |
7 |
840,0 |
2 |
"Ұлан-Ж" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
3 |
360,0 |
3 |
ЖК "Жалғабеков" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
8 |
960,0 |
4 |
ЖК "Сұлтанова" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
3 |
360,0 |
5 |
"Аружан" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
7 |
840,0 |
6 |
"Шынболат" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
10 |
1200,0 |
7 |
"Рамазан" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
4 |
480,0 |
8 |
ЖК "Орынбасаров" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
5 |
600,0 |
9 |
"Данияр" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
4 |
480,0 |
10 |
ЖК "Толеуова К." |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
9 |
1080,0 |
11 |
"Ғалым" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
3 |
360,0 |
12 |
КМК "Тазасу" |
Аумақтарды тазарту, көгалдандыру, су құбырларын жөндеу |
6 ай |
2 |
240,0 |
13 |
"Ерлан" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
6 |
720,0 |
14 |
"Сарыарқа" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
3 |
360,0 |
15 |
"Елдос" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
5 |
600,0 |
16 |
ЖК "Асылбекова" |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
4 |
480,0 |
17 |
ЖК "Ускембаева" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
2 |
240,0 |
18 |
ЖК "Ибраева" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
2 |
240,0 |
19 |
ЖК "Акишева" |
Тұрмыстық қызмет көрсету |
6 ай |
1 |
120,0 |
20 |
"Тұрар" ш/қ |
Ауыл шаруашылық жұмыстары |
6 ай |
4 |
480,0 |
Барлығы: |
6 ай |
92 |
11040,0 |
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 29 наурыздағы
N 57 қаулысына
N 2 қосымша
2010 жылы Жаңаарқа ауданында нысаналы топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің тізімі
р/с |
Мекеме кәсіпорындарының атауы |
Жұмыс түрлері |
Мерзімі |
Адам саны |
Жұмыс көлемі (мың теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
"Береке-2008" ауылдық тұтынушы кооперативі |
Ұннан жасалған тағамдарды әзірлеу және әр түрлі жұмыстар |
6 ай |
6 |
269,2 |
2. |
"Тазасу" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
Аумақтарды тазарту, көгалдандыру, су құбырларын жөндеу |
6 ай |
4 |
179,4 |
Барлығы: |
6 ай |
10 |
448,6 |