Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы мәслихатының 07.10.2013 N 22/143 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына сәйкес Жаңаарқа ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 тамыздағы XXVI сессиясының "Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 26/227 шешіміне (Мемлекеттік тіркеу тізілімінде нормативтік құқықтық актінің тіркелген нөмірі N 8-12-80, "Жаңаарқа" газетінің 2010 жылғы 11 қыркүйектегі N 51 (9406) санында жарияланған) толықтыру енгізілсін:
Жаңаарқа ауданы бойынша тұрғын үй көмегін көрсету Ережесінің 2 тармағында "болып табылатын" сөздерінен кейін "аз қамтылған" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық Мәслихаттың кезекті
XXXI-ші сессиясының төрағасы Ж. Қожабекова
Аудандық Мәслихат хатшысы Д. Жұмасейітов
КЕЛІСІЛДІ
Аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы Ш. Ибраева
2010 жыл 22 желтоқсан