Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармақшасына сәйкес, Сейфуллин селолық округінің Ынтымақ ауылы тұрғындарының 26 наурыз 2010 жылғы жиынында Ынтымақ ауылының көшелерін ретке келтіру және оларға атау беру жөніндегі N 1 жиналысының хаттамасы мен Жаңаарқа ауданы әкімдігі жанындағы ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 29 ақпандағы N 1 хаттамасы мен ұйғарымын қарай келе Сейфуллин селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сейфуллин селолық округіндегі Ынтымақ ауылының кейбір көшелеріне төмендегідей атаулар берілсін:
1-ші көшеге "Сәкен Сейфуллин атындағы" көше;
2-ші көшеге "Жеңіс" көшесі;
3-ші көшеге "Иманақ" көшесі;
4-ші көшеге "Саябақ" көшесі;
5-ші көшеге "Бейбітшілік" көшесі;
6-шы көшеге "Нияз батыр" көшесі;
7-ші көшеге "Тәуелсіздік" көшесі.
2. Сейфуллин селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы К. Байжікенова ауылдың көшелеріне атаулар берілуіне байланысты тиісті жұмыстар жүргізсін.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жүргізуді өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енеді.
Село әкімі К. Кокин