Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының XXXIV сессиясының 2011.03.11 N 328 шешімімен.
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 7 тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 13 бабының 1 тармағына және "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 Қаулысының 9 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Нұра ауданының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру Ережесі бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Г. Прокоп) жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Э. Таттыбаев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Туранов
2010 жылғы 31 наурыздағы
25 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 254 шешімімен бекітілген
қосымша
Нұра ауданының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Нұра ауданының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан жекешелендіру Ережесі (әрі қарай – "Ереже") Нұра ауданының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының (әрі қарай – "коммуналдық тұрғын үй қоры") үйлерінде тұрып жатқан тұрғын үйлерді немесе тұрғын үй-жайларды жалдаушының меншігіне жекешелендіру (сатып алу немесе тегін беру) арқылы алу үшін қолданылады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй-жайларды меншігіне тегін алу құқығына ие азаматтар:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар;
1 және 2 топтағы мүгедектер (мүгедектігі заңға қайшы келетін әрекеттерден болған азаматтардан басқалары);
Чернобыль АЭС-і аймағында апат салдарын жоюға қатысушылар;
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті белгілеген тізімге сәйкес ВТЭК қорытындысы бойынша Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери ядролық нысандарда радиациялық сәуле алу әсерінен денсаулық жағдайы төмендеген;
Интернационалист-жауынгерлер.
3. Тұрғын үйлерді жекешелендіру кезінде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған азаматтардың меншік құқығын рәсімдеу тәртібі туралы" 1992 жылғы 3 ақпандағы N 87 қаулысына сәйкес әлгі бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушылармен Нұра ауданының мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жекешелендіру шарты жасалады.
4. Тұрғын үй-жайларды жекешелендіру барлық бірге тұрақты тұратын кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелерінің жазбаша келісімі бойынша жасалады.
5. Жекешелендірілген тұрғын үй-жай жалға алушының және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде уақытша тұрмайтындарының да, егер олардың арасында шарт бойынша өзгеше ештеңе көзделмесе, ортақ меншігіне көшеді.
6. Осы Ереженің шарттарында көрсетілмеген барлық жағдайларда Қазақстан Республикасының жекешелендіру туралы заңнамасын басшылыққа алу қажет.
2. Жекешелендіру тәртібі
7. Тұрғын үйдің қүны бар жеңілдіктерді есепке ала отырып, мемлекеттік сатып алу конкурсындағы тұрғын үйді алуға (құрылысына) шығындалған құнымен анықталады. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу бойынша алынбаған тұрғын үйлердің құны жеке тұлғалардың салық салынатын нысандарының құнын анықтауға арналған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
8. Халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын топтарына жататын адамдар Пәтер (тұрғын үй) құнын 10 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие:
1) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген адамдар;
2) мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары;
3) заңдарда белгіленген тәртіппен бекітілетін аурулар тізімінде аталған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
4) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
5) кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма жасқа жетпеген жетім балалар. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзімді әскери қызметтен өту мерзіміне ұзартылады;
6) репатрианттар;
7) экологиялық зілзалалар, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар;
8) көп балалы отбасылар;
9) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқық тәртібін қорғау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары;
10) толық емес отбасылар.
9. Мемлекеттік қызметте 3 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 3 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.
10. Мемлекеттік қызметте 5 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме, ұйым және мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын кәсіпорындар қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 5 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.
11. Мемлекеттік қызметте 10 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 7 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.
12. Мемлекеттік қызметте 20 жылдан аса өтілі бар мемлекеттік мекеме мен ұйым қызметкерлері пәтер (тұрғын үй) құнын 10 пайызға төмендету жеңілдіктеріне ие.
13. Азаматтар мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрғын үйді осы Ережені пайдалана отырып тегін алуға немесе сатып алуға бір рет қана құқылы.