Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 13.01.2012 N 42/398 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 419, 420, 421, 422 баптарына сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ойын бизнес объектілеріне тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шет ауданы бойынша салық басқармасына бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан салық төлеушілер үшін бірінғай салық ставкаларын қолдану тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш. Жүніске жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық Мәслихаттың
хатшысы Р. Мақсұтов
Аудандық Мәслихаттың
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
ХХVІІІ сессиясының
N 28/296 шешіміне
1 қосымша
Шет ауданы бойынша ойын объектілеріне тіркелген жиынтық салықты есептеу мен төлеушілер үшін ставкаларын бекіту туралы
N |
Атауы |
Саны |
Өлшем бірлігі |
Салық ставкасы |
1 |
Бірден көп ойыншының қатысуымен ойнауға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
5 |
2 |
Жеке компьютер |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
1 |
3 |
Бильярд үстелі |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
10 |
4 |
Ақшасыз ұтыс ойын автоматы бір ойыншымен |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
5 |
5 |
Ойын жолы |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
50 |
6 |
Карт |
1 |
Айлық есептік көрсеткіш |
10 |