"Жол картасы" аясында нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы N 3/1 қаулысы. Қарағанды облысы Балқаш қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 31 наурызда N 8-4-177 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 11 тамызда N 27/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2011.08.11 N 27/2 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 2162 "2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдау тәртібі бекітілсін (қосымшаға сәйкес).
      2. Әлеуметтік жұмыс орындары нысаналы әлеуметтік топтар үшін ұйымдастырылады.
      3. Республикалық бюджеттен әрбір қатысушыға орташа айлық төлемақы 20 000 теңге көлемінде бекітілсін.
      4. "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (З.А. Медетбекова) нысаналы топтарға жататын жұмыссыздар үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды жүргізсін.
      5. "Приозерск қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Қ.К. Қошқаралиев) мақсатты трансферттен әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген нысаналы топтарға жататын жұмыссыздардың еңбек ақысын қарастырылған облыстық бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

      Приозерск қаласының әкімі                  Н. Бікіров

Приозерск қаласының әкімдігінің
2010 жылғы 23 ақпандағы
N 3/1 қаулысына
қосымша

Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді таңдау тәртібі

      1. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша "Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі уәкілетті орган) сұраныс береді.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс беруші таңдау кезінде мекеменің төлеу қабілеті, айлық еңбекақысының уақытылы төленуі, техникалық қауіпсіздік нормаларына сәйкес болуы, мекемеде Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі нормаларының сәйкестігі сақталуы, уәкілетті органмен жасалған шарттың мерзімі біткеннен кейін тұрақты жұмыс ұсыну мүмкіндігі талаптарын уәкілетті орган есепке алады.
      3. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін уәкілетті органмен келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта екі жақтың міндеттері, түрлері, жұмыс көлемі, еңбекақының мөлшері мен шарты, әлеуметтік жұмыс орындарының қаржыландыру көздері мен мерзімі, жіберілетін жұмыссыздар саны көрсетіледі. Жұмыс уақытша болғандықтан, оны ұйымдастыруда тұрақты жұмыс орындары мен бос лауазымдық орындар қолдалынбайды.
      4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын жұмыссыздарға уәкілетті орган жолдама береді.
      5. Жұмыс беруші әлеуметтік жұмыс орнына жіберілген жұмыссызды қабылдап, онымен еңбек шартын жасайды, қауіпсіздік техника нормаларына сәйкес жұмыс орнын береді. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыссыздар жұмыспен қамтылу мерзімі алты айға дейін рұқсат етіледі.
      6. Жұмыс беруші жұмыссыздың еңбекақы шығындарын төлеу үшін әр айдың 20 күніне дейін уәкілетті органға белгіленген тәртіп бойынша: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, жұмыс уақытын есептеу табелін, әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған қызметкерлер туралы есеп және орындалған жұмыстың кесімін береді.
      7. Нысаналы топтарға жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынған жұмыс берушілерді таңдау тәртібің орындауды бақылау уәкілетті органға жүктеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады