РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылымы" туралы N 2572-ХІІ Заңын басшылыққа ала отырып және қалалық ономастикалық комиссияның 2010 жылғы 11 сәуірдегі N 4/1 ұйғарымына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Қосшыңырау ауылдық округіне қарасты Абай ауылындағы Жақыпбек Махамбетов көшесіне көлденең орналасқан атауы жоқ көшеге Еңбек ардагері Қоянов Шохатай есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау бас маман Ұ. Кушенбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.
Әкім С. Дүйсенбаев