"Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілген әлеуметтік көмектің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1509 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 2775 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Қызылорда қалалық Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 мамырда N 10-1-139 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 01 шілдедегі N 513 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 01.07.2013 N 513 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына, Қызылорда қаласының әділет басқармасының 2010 жылғы 18 наурыздағы N 2/1899 ұсынысына және қала прокурорының 18.03.2010 жылғы N 7-102-10 санды наразылығына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің кейбір мәселелері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 1509 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-65 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетіне 2008 жылғы 03 ақпанда N 4-5 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің ережесіндегі
      20-тармақтағы:
      "Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша "Қазпошта" ашық акционерлік қоғамының қалалық филиалдарының құрылымдық бөлімшелері арқылы төленеді" деген сөздер "Әлеуметтік көмек, алушының жеке шотының деректері көрсетілген жазбаша өтініші бойынша екінші деңгейлі банк және "Қазпошта" акционерлік қоғамының бөлімшелері арқылы төленеді" деген сөздермен ауыстырылсын;
      21-тармақ алынып тасталсын.
      2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын,
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он
күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      ҚАЛА ӘКІМІ                                        М. ЕРГЕШБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады