Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық әкiмдігінің 2012.11.23 N 4929 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңдарына және қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 13 сәуірдегі кезекті XXIX сессиясының 29/6 шешіміне сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қаза болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, концлагердің бұрынғы жасы кәмелетке толмаған тұтқындарына үйлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге 50 000 (елу мың) теңгеден, мерекеге киім сатып алуға 15 000 (он бес мың) теңгеден, мерекелік азық-түлік сатып алуға 15 000 (он бес мың) теңгеден, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған азаматтарға денсаулықтарын жақсартуға бір жолғы материалдық көмек көрсетуге 25 000 (жиырма бес мың) теңгеден, сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтарға көлікте жүруге 2010 жылғы 1 сәуір мен 31 желтоқсан аралығына ай-сайын 2500 теңгеден материалдық көмекке және Ұлы Отан соғысы жылдары тылда 6 айдан кем емес еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне тұтынған коммуналдық қызметке шығыстарды төлеу үшін 2010 жылғы 1 сәуірі мен 31 желтоқсан аралығында әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовке жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі М. Ергешбаев