"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының бірінші бөлігінің 5-1)-тармақшасын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Арал қаласындағы жекелеген көшелерге атау беру, атауларын өзгерту жөніндегі аудан әкімдігінің үстіміздегі жылдың 22 сәуіріндегі N 04/327 ұсынысын қарап, аудандық мәслихат ШЕШІМ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің:
1) Арал қаласының бас жоспарына сәйкес 3-ші шағын ауданнан ашылатын жаңа көшелерге Жүсіп Кенжебаев, Жақсылық Тілеубаев, Жанназар Әлімбетов, Толеш Таңатов, Рсалы Тұрымбетов атауларын беру жөніндегі;
2) Арал қаласындағы Вокзальная көшесін Сағындық Тұрдалиев; К.Маркс көшесін Ерсұлтан Ормағамбетов; Волгоград көшесін Қүдайберген Жасекенов; Базар көшесін Көшербай Дәрібаев; Панфилов түйығын Дәри Қүттымүратов; Восточная көшесін Александр Павлович Мин; Восточная түйығын Жалдыбай Нүрпейсов; Тюленин көшесін Құдайберген Сманов; Суворов көшесін Тәжі Палуан; Ақтөбе көшесін Рахметжан Компашев; Ломоносов көшесін Көшербай Өтенов; Порт көшесін Палау Құттымұратова; Терешкова тұйығын Тойбазар Елемесов; Королев көшесін Әлила Сатаев; Москва көшесін Дүйсен Жолымбетов; Морская көшесін Сәтбай Сүлейменов; Гагарин көшесін Зәуір Махатов; Юбилейная көшесін Аманғос Есмұрзаев атауларына өзгерту жөніндегі ұсынысына келісім берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезектен тыс
жиырма бесінші сессиясының төрағасы,
аудандық мәслихаттың хатшысы Ә. Әуезов
Аудан әкімі Н. Мұсабаев