Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 шілдедегі N 173 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Арал ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 31 тамызда N 10-3-163 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 тамыздағы N 227 Шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2011.08.26 N 227 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15-тармақшасын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 66 Заңының 7-бабының 3-тармағының 4-тармақшасын, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 3-тармағының 3-тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігінің 2010 жылғы 22 шілдедегі N 93 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің Қағидасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс жиырма жетінші сессиясының
      төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы                 Ә.Әуезов

      Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
28 шілдедегі кезектен тыс
жиырма жетінші сессиясының
N 173 шешіміне қосымша

Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек көрсетудің ҚАҒИДАСЫ:

1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағида ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек беру тәртібін белгілейді.
      2. Қағида Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңдарына сәйкес әзірленген.

2. Қаржыландыру түрі

      3. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік көмек жергілікті өкілді органның шешімі бойынша белгіленеді.

3. Әлеуметтік көмектің тағайындалуы және төленуі

      4. Ауылдық мекендерде жұмыс істейтін және тұратын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жыл сайын жергілікті бюджет есебінен бекітілген мөлшерде беріледі.
      5. Әлеуметтік көмектің басқа да түрлерін алуына қарамастан ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек алу құқықтары бар. Отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек жылына бір мәрте беріледі. Егер ағымдағы жылда көмек алушы өтініш жасамаса, онда осы жылда алмаған әлеуметтік көмегі қарыз ретінде келесі жылға өтпейді және берілмейді.
      6. Отын сатып алу үшін берілетін көмектің тағайындауы және төлеуі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы төмендегі құжаттар негізінде беріледі:
      1) Көмек алушының өтініші;
      2) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) Жұмыс орнынан анықтама;
      4) Тұрғылықты жерін анықтайтын құжат (анықтама).
      7. Әлеуметтік көмектің мөлшері жыл сайын бекітіледі.
      8. Ауылдық жерде жұмыс істейтін, жеке меншігінде малы бар білім беру саласының педагог қызметкерлеріне жергілікті өкілді және атқарушы органдардың шешімі бойынша жем-шөп, мал жаю және шөп шабу үшін жер учаскілері беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады