Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2012.03.11 N 38 Қаулысымен.
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7, 18-1, 20 баптарын басшылыққа ала отырып, аудан халқын қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі мен ақылы қоғамдық жұмыстардың көлемі және халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру N 1, 2, 3 - қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (К.Аяпов) қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне халықты жұмыспен қамтудың тиімді саясатын қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру тапсырылсын.
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Қ.Аяпов) қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің сұраныстарына атқарылатын жұмыстың атауы, ауқымы және қажеттілігі көрсетіле отырып, оларды қосымша науқандық, қоғамдық сипаттағы жұмыстарға ғана жіберіп отыру тапсырылсын.
4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (К.Аяпов) осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын келесі айдың 5-нен кешіктірмей аудан әкімі аппаратына ақпарат беретін болсын.
5. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы "Аудан халқын ақылы қоғамдық және әлеуметтік жұмыстармен қамтуды ұйымдастыру шаралары туралы " N 309 қаулысының (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 05.02.2010 жылғы 5 ақпандағы N 10-3-150 тіркелген, "Толқын" газетінің 2010 жылғы 17 ақпанындағы N 13 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Раймбетовке жүктелсін.
7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2011.09.26 N 129 Қаулысымен.
АУДАН ӘКІМІ Н. МҰСАБАЕВ
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы "27" желтоқсандағы
N 151 қаулысымен бекітілген
1-қосымша
Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері
Қоғамдық жұмыстар мынадай негізгі түрлері бойынша ұйымдастырылады:
1) коммуналдық тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне, қала, елді мекендер айналасын тазартуға көмектесу;
2) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік мәдени объектілерді салу, жөндеу, тұрғын үй қорын қайта жаңғыртуға және аудан орталығындағы көп қабатты тұрғын үй пәтерлердің күрделі жөндеу жұмыстарына қатысу;
3) жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылатын айналаны көркейту- көгалдандыру, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамытуға қатысу;
4) республикалық және аймақтық қоғамдық науқандарын (қоғамдық пікірлер жинау) өткізуге қатысу;
5) қарулы күштер қатарына шақыруды ұйымдастыруға көмектесу;
6) балалар жәрдемақысын алуға, атаулы әлеуметтік көмек алуға және тұрғын үй жәрдемақысын алуға ұсыныс берген адамның (отбасының ) материалдық жағдайына зерттеу жүргізу үшін учаскелік комиссиялардың жұмысына көмек көрсету;
7) қалада, елді мекендерде құқықтық тәртіптің сақталуына көмектесу (сарбаз);
8) қайта есептеу кезінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі ұйымдарға көмектесу және халықтың мақсатты топтарына (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжатты рәсімдеу кезінде әлеуметтік қызмет көрсету;
9) мұрағат мекемелерінде, кітапханаларда кітаптарды, құжаттарды түптеуге, қайта қалпына келтіруге жәрдемдесу;
10) жергілікті бюджет есебінен жасалатын әлеуметтік қызметтер көрсетуге көмектесу;
11) жеке басты қарт кісілерге дәрігерлердің тапсырмасымен дәрігерлік көмек көрсетуге және аулаларын тазартуға жәрдемдесу;
12) мемлекеттік мекемелердің қажеттілігіне сәйкес құжаттарды мекеме аралық тасымалдау (курьер);
13) ауылдық жерлерде пошта, газет-журналдарды алушыларға таратып беруге көмектесу;
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы "27" желтоқсандағы
N 151 қаулысымен бекітілген
2-қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын мекемелердің тізімі мен ақылы қоғамдық жұмыстардың көлемі
Р/с | Қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын мекемелер | Жұмыс ұзақтығы |
---|---|---|
1 |
"Арал ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
2 |
"Арал қаласы әкімінің аппараты " мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
3 |
"Аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
4 |
"Аудан көлеміндегі кенттер және ауылдық округтер әкмі аппараты " |
Бір айдан алты айға дейін |
5 |
"Арал аудандық білім бөлімі " мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
6 |
"НұрОтан" ХДП Арал ауданындағы филиалы |
Бір айдан алты айға дейін |
7. |
"Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
8. |
"ҚР Қаржы Министрлігінің салық комитеті Қызылорда облысы бойынша салық департаменті Арал ауданы бойынша салық басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
9. |
"Аудандық сәулет және қала құрлысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
10. |
"Аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекеме |
Бір айдан алты айға дейін |
11. |
"Аудандық құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
12. |
Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқындағы көпсалалы коммуналдық мамлекеттік кәсіпорыны |
Бір айдан алты айға дейін |
13. |
"Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
14. |
"Аудандық ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
15. |
"Арал аудандық тұрғын үй, комуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
16. |
Аудандық мұрағат |
Бір айдан алты айға дейін |
17. |
"Қызылорда облысы Арал ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
18. |
"Қызылорда облысының ішкі істер департаменті арал аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
19. |
"Зейнетақы төлеу жөніндегі орталық" Арал аудандық бөлімшесі |
Бір айдан алты айға дейін |
20 |
"ҚР Әділет министрлігі Қызылорда облысы әділет департаменті арал аудандық әділет басқармасы" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
21 |
"Арал аудандық кәсіпкерлікті қолдау бөлімі" мемлекеттік мекемесі |
Бір айдан алты айға дейін |
22 |
Арал аудандық соты |
Бір айдан алты айға дейін |
23 |
Арал аудандық прокуратурасы |
Бір айдан алты айға дейін |
24 |
Қызылорда облысы Халыққа қызмет көрсету Орталығының Арал аудандық филиалы |
Бір айдан алты айға дейін |
25 |
Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі |
Бір айдан алты айға дейін |
26 |
Аудандық қаржы бөлімі |
Бір айдан алты айға дейін |
27 |
Аудандық ауыл шаруашылық бөлімі |
Бір айдан алты айға дейін |
28 |
Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі |
Бір айдан алты айға дейін |
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы "27" желтоқсандағы
N 151 қаулысымен бекітілген
3-қосымша
Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
N | Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен мекемелер |
---|---|
1 |
Арал қалалық шаруашылық жүргізу құқындағы көпсалалы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
2 |
Арал аудандық "Ұландар" лагері мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
3 |
"Толқын" мемлекеттік комуналдық кәсіпорны |
4 |
Аудан көлеміндегі селолық тұтыну кооперативтері |
5 |
Аудандық мәдениет үйлері мен клубтары мемлекетік қазыналық кәсіпорындары |
6 |
"Сексеуіл кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргүзу құқығындағы "Сексеуіл су құбыры сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
7 |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Арал су-сервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын |
8 |
Ж.Ш.С. "Жолаушы-Сервис АБ" |
Әлеуметтік жұмыс орындары Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген, жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болған және әлеуметтік қорғауға зәру мақсатты топқа жататын адамдар үшін ұйымдастырылады. Халықтың мақсатты топтарынан, жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысының бір бөлігі жергілікті бюджеттен өтеледі. Әлеуметтік жұмыс орындарының жыл көлеміндегі мерзімі 6 (алты) ай.