Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 10.09.2013 N 76 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы және Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралыЗаңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" N 172 қаулысына (Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 01 ақпанда N 10-5-83 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 13 ақпан 2008 жылғы N 13 басылымында ресми жарияланған, Қармақшы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 27 мамырдағы "Қармақшы ауданы әкімдігінің "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" 24.12.2007 жылғы N 172 санды қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 298 қаулысы Қармақшы ауданының Әділет басқармасында 2008 жылы 03 шілдеде N 10-5-92 санды мемлекеттік тіркеуден өткен, "Қармақшы таңы" газетінің 16 шілде 2008 жылғы N 58 басылымында ресми жарияланған) төмендегідей езгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
каулымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеу мен оқытуға көрсетілетін әлеуметтік көмектің Қағидасының" 20 тармақшасы темендегі мәтіндегі жаңа редакцияда жазылсын:
- "20. Әлеуметтік көмекке арналған қаражаттар әлеуметтік көмекті алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдары арқылы аударылады".
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Е.Қалиевке жүктелсін.
3. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов