Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімдігінің 07.03.2013 N 15 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 81-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қармақшы ауданы прокурорының 2010 жылғы 15 ақпандағы N 7-10-98-10 наразылығын орындау мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауданда тұрғындардың ауыз суды пайдалану нормалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қармақшы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 28 тамыздағы "Ауданда ауыз су пайдалану нормаларын белгілеу туралы" N 355 қаулысы жойылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Медеуовке жүктелсін.
4. Қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Б. Қаюпов
Аудан әкімдігінің
2010 жылғы "25" ақпандағы
N 804 қаулысына қосымша
Ауданда тұрғындардың ауыз суды пайдалану нормалары
р/с |
Тұтынушылар аттары |
Өлшемі |
Су тұтыну нормасы /литр/ |
1 |
Көшелердегі су баспаларынан суды тасып алу |
1 тұрғыны тәулігіне |
30-50 |
2 |
Су құбырлары бар, бірақ кәріз жүйесі жоқ тұрғын үйлер |
1 тұрғыны тәулігіне |
140 |
3 |
Оқушылар лагері |
1 орын тәулігіне |
200 |
4 |
Моншалар: душы жоқ; легендер мен жуыну ағаш орындықтарға |
1 келушіге |
100 |
5 |
Дүкендер: |
1 жұмыс ауысымына |
250 16 |
6 |
Ірі қара мал, жылқылар, түйелер |
Күніне 1 басқа |
130 |
7 |
Қойлар мен ешкілер |
Күніне 1 басқа |
10-15 |
8 |
Шошқа |
Күніне 1 басқа |
30 |
9 |
Шошқа аналықтары торайымен |
Күніне 1 басқа |
70 |
10 |
Тауықтар, күрке тауықтар |
Күніне 1 басқа |
1-3 |
11 |
Қояндар |
Күніне 1 басқа |
4 |
12 |
Гараждар: жеңіл көліктер |
1 көлік күніне 1 көлік күніне 1 көлік күніне |
230 |
13 |
Ауруханалар: санаторийлер және демалыс үйлері (жалпы ванна мен душтар) |
1 төсек орын |
200 |
14 |
Поликлиника және амбулатория |
1 ауруға |
15 |
15 |
Бала бақшалар: канализациясы жоқ су құбыры болса |
1 бала тәулігіне |
25 |
16 |
Жуу машинасымен жабдықталған және асханасы бар бала-бақша |
1 бала тәулігіне |
105 |
17 |
Дәріхана сауда залы және қосымша бөлмелері (подсобные помещения) |
1 жұмысшы |
16 |
18 |
Қоғамдық тамақтандыру орындары: тағам дайындауға: |
1 тағам |
16 |
19 |
Бау-бақшаларға |
|
18 |
20 |
Әкімшілік ғимараттары |
1 орын |
16 |
21 |
Темір жол, автовокзал, базарлар және тынығу орындарындағы және т.б. қоғамдық әжетхана |
1 орынға/күніне |
600 |
22 |
Су құбырлары бар, бірақ қазір жүйелері жоқ жалпы білім беру мектептері |
1 оқушы |
15 |
23 |
Жылу беру жүйелерін сумен толықтыру |
100 м2 тұрғын алаң/күніне |
26 |
24 |
Жылу жүйесін іске қосар алдында сумен толтыру |
100 м2 тұрғын алаң/1 рет |
300 |
25 |
Жылу қазандықтары |
1 м2 үстіңгі қызуына/күніне |
15 |