Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2010.12.22 N 228 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 375, 376, 377, 378, 379, 380, 381, 382, 383, 384, 385, 386, 387, 422баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2010 жылға арналған арнаулы салық режимінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлердің бір салық салу объектісінен алынатын және аудан көлеміндегі қолданылатын жер салығы үшін алынатын алым мөлшері N 1, N 2 қосымшаларда көрсетілген мөлшерде белгіленсін.
2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті
29-сессия төрағасы К. Қүлмырзаева
Аудандық.мәслихат хатшысы М. Ерманов
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
22 қыркүйектегі кезекті
29-сессиясының N 203 шешіміне
N 1 қосымша
Жер салығы бойынша
1 Салық Кодексінің ауыл шаруашылылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады, сондай-ақ далалық және қуан далалық аймақтардың жерлеріне бонитет салына барабар түрде жер салығының базалық салық ставкалары бойынша белгіленеді.
1.1 Салық Кодексінің үй іргесіндегі 5000 шаршы метрден асатын жер учаскасінің 1 шаршы метріне салынатын салық мөлшері 0,50 теңге болып белгіленсін.
1.2 Салық Кодексінің елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне салынатын базалық салық ставкалары автотұраққа, автомобильге май құю станцияларына бөлінген /бөліп шығарылған/ және казино орналасқан жерлерді қоспағанда 20 пайызға көбейтілсін.
1.3 Салық Кодексінің елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары үшін бөлінген жерлері түрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, Салық кодексінің 386-бабында белгіленген базалық ставкасы 10 есе көбейтіліп, 1 шаршы метріне төмендегідей мөлшерде салық алынсын.
а/ кент аймағында орналасса - 9,60 теңге болып белгіленсін.
б/ ауылдық жерде орналасса - 4,80 теңге болып белгіленсін.
Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
29 желтоқсандағы кезекті
29-сессиясының N 203 шешіміне
N 2 қосымша
Қармақшы ауданы бойынша ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерді, ойын жолдарын, картты, бильярд үстелдерін пайдалана отырып, қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер айына салық салу бірлігіне тіркелген салық ставкаларының мөлшері
N р/с | Салық салу объектісінің атауы | Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері /айлық есептік көрсеткіш -АЕК/ |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
2 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
2 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |