Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық округі әкімінің 2010.09.02 N 13 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және Жалағаш аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 1 ұсынысына сәйкес ШЕШЕМІН:
1. Аққұм ауылдық округінде жылқы малынан "Мандам" жұқпалы індетінің тіркелуіне байланысты індет ошағының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық шаралар жүргізу үшін карантиндік режимі енгізілсін.
2. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Шахкөзов, Жалағаш аудандық аумақтық инспециясының мемлекеттік-санитарлық инспекторы (Н.Жұмабеков келісім бойынша) және Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры (Ә.Атанбаев келісім бойынша) бірігіп ауыл шаруашылығы жануарлары малдәрігерлік құжатсыз және мал өнімдерін кіргізу мен шығарылуына жануарлардың профилактикалық шаралардың толық атқарылуына қатаң бақылау жасау ұсынылсын.
3. Аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына (Ө.Абжалиев келісім бойынша) ауруды басқа елді мекендерге таратпау және ауру ошағын жою мақсатында мал дәрігерлік-санитарлық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Шахкөзовке жүктелсін.
5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аққұм ауылдық округі әкімі Ш. Төлегенов