Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі N 03 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жалағаш ауданының Әділет басқармасында 2010 жылы 24 мамырдағы N 10-6-157 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес ауылдық округі халқының пікірін және Жалағаш ауданы әкімі жанындағы консультациялық-кеңесші орган комиссиясының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 3 ұйғарымы мен 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 1 хаттамасы негізінде ШЕШЕМІН:
      1. Аққыр ауылдық округіндегі "Дойна" көшесінің атауы "Шаймағанбет Есов" атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С. Тәукеев осы шешімді іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      АУЫЛ ӘКІМІ                                   Ж. БАҚТЫБАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады