Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған аудан әкімдігінің 2010 жылғы 03 тамыздағы N 785 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Жаңақорған аудандық Әділет басқармасында 2010 жылы 03 қыркүйекте N 10-7-109 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы N 1/1-1/2588 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012.12.12 N 1/1-1/2588 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңының 8 бабына сәйкес және Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2010 жылғы 9 шілдедегі N 2/4687 санды ұсынысының негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 158 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 27 тамыздағы N 10-7-60 болып тіркелген, аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 69 санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін.
      Көрсетілген қаулының "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсанында аудандағы ардагерлеріне бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасының N 7 қосымшасының "Тағайындау және төлеу тәртібі" деген 3-ші бөлігінің 2) тармағындағы "Бір жолғы материалдық көмектерді казпоштадан бет есеп аштыру арқылы төленуге" деген сөздер "Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданының әкімі                    Б. Еламанов

       Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы N 158
қаулысына N 6 қосымша (аудан
әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
N 673 қаулысы енгізілген толықтыру

      Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы 1. Жалпы қағида

      1.Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 94 "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге және оны өткізу туралы" Қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы XXVI сессиясының N 213 шешіміне сәйкес әзірленді және аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, облыстық бюджеттер арқылы берілетін бір жолғы берілетін материалдық көмектерді төлеудің тәртібін белгілейді.

2. Төлемдердің түрлері мөлшерлері

      1) Бір жолғы материалдық көмек қаржылай
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 50,0 мың теңгеден.
      2)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әрқайсысына 25,0 мың теңгеден, сауықтыру (емделу) орындарына.
      3) Үй жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмекке.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әр қайсысына 50,0 мың теңгеден.
      4)Мерекелік шеруге киетін киімге біржолғы материалдық көмекке. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлерінің әрқайсысына 15,0 мың теңгеден.
      5) Мерекелік тағамдарға біржолғы материалдық көмекке.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 15,0 мың теңгеден;
      6) Жол шығындарына біржолғы материалдық көмекке.
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарынада тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әрқайсысына 22,5 мың теңге біржолғы материалдық көмек төлеуге;

3. Тағайындау және төлеу тәртібі

      1) Жәрдемақы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесі
қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, біржолғы материалдық көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі нақты
тізімге байланысты төленеді.
      2) Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады