Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 15.04.2013 N 78 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасын, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабының 2 тармағының 3) тармақшасын және 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерін және соларға теңестірілген адамдарға беретін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік төлемдері туралы Нұсқаулық қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Қ. Мүбараков
2010 жылғы 29 шілдедегі
N 1117 қаулысымен бекітілген
қосымша
Жекелеген санаттағы азаматтардың әлеуметтік төлемдері туралы Нұсқаулық Жалпы ережелер
1. Осы нұсқаулық жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша тиісті бюджеттер есебінен жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер мен мен әлеуметтік көмектің түрлерін көрсету тәртібін белгілейді.
2. Әлеуметтік төлемді алушыларға төлемдерді тағайындау және төлеу "Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай - уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері
3. Түрлері мен мөлшері:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік Еңбек Ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталып қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қайтыс болған жағдайда жерлеуге көрсетілетін қызмет үшін - 50 000 (елу мың) теңге көлемінде;
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне шаштараз бен монша қызметі үшін ай сайын - 500 (бес жүз) теңге көлемінде;
3) аудандағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлерге ай сайын - 1,0 (бір) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
4) 1999 жылғы 26 шілдесінде "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағын және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтарға ай сайын - 1,9 (бір бүтін оннан тоғыз) айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
5) тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдайлар бойынша тұрғын үйсіз қалған, басқа мемлекеттерден, Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан келген белгілі тұрғылықты жері жоқ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайтару үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға темір жол көлігінің плацкарт вагонына төленетін бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет -40,0 (қырық) айлық есептік көрсеткіш көлемінде төленеді.
4. Әлеуметтік төлем мөлшері Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
3. Әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі
5. Әлеуметтік төлемді алу үшін төлем алушы көмектің түрлері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттарды тапсырады:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, "Кеңес Одағының Батыры", "Халық қаһарманы", "Социалистік Еңбек Ері", "Даңқ" орденінің үш бірдей дәрежесімен және "Отан" орденімен марапатталып қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне қайтыс болған жағдайда жерлеуге көрсетілетін қызмет үшін -
а) өтініш;
б) әлеуметтік көмек алушының жеке куәлігі;
в) әділет органымен берілген қайтыс болу туралы куәлік (анықтама);
г) орден және медальмен марапатталғандығы туралы құжаттар, Ұлы Отан соғысының қатысушысын немесе мүгедектігін растайтын куәлік.
2) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне шаштараз бен монша қызметі үшін -
а) өтініш;
б) әлеуметтік көмек алушының жеке куәлігі;
в) тұрғылықты жерін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
г) Ұлы Отан соғысына қатысқандығы жөнінде куәлік.
3) аудандағы басқалардың көмегіне мұқтаж жалғызбасты 80 жастан асқан зейнеткерлерге -
а) өтініші;
б) жеке куәлік көшірмесі;
в) зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
г) есеп шоты.
4) "1999 жылғы 26 шілдесінде "Отан", "Даңқ" ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы" атағын және Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын алған азаматтарға -
а) өтініші;
б) жеке куәлік көшірмесі;
в) тұрғылықты жерін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
г) орден және медальмен марапатталғандығы туралы құжаттар мен кітапша көшірмесі.
5) тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдайлар бойынша тұрғын үйсіз қалған, басқа мемлекеттерден, Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан келген белгілі тұрғылықты жері жоқ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шиеленіскен жерлерінен қашып келіп қайтадан отанына қайтару үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға темір
жол көлігінің плацкарт вагонына төленетін бір жолғы материалдық көмек жылына бір рет -
а) жеке куәлік;
б) тұрғылықты жерін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе анықтама;
в) салық төлеушінің тіркелу куәлігі;
г) жинақ кітапша;
д) комиссия шешімі;
е) күтпеген жағдайда душар болғандығын растайтын құжат (Құжаттарсыз қалғандар);
5. Әлеуметтік төлем алуға тиесілі азаматтар бір отбасында бірге тұратын жағдайда, әлеуметтік көмек әрқайсысына бөлек төленеді.
6. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті тағайындаудан бас тартқан жағдайда өтініш берушіге себебін көрсете отырып жазбаша түрде жауап жазып, тапсырылған құжаттарын кері қайтарады.
4. Әлеуметтік көмектерді төлеу тәртібі
7. Әлеуметтік төлем төлеу өтініш берілген айдан бастап жүргізіледі. Әлеуметтік төлемнің түрлері ай сайын екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады және төленеді немесе әлеуметтік көмек алушының таңдауы (келісімі) бойынша кез-келген ұйым арқылы жүргізіледі.
8. Баспанасы жоқ немесе баспанасыз қалған азаматтарға төлемдер, төлем алушының сеніп тапсырылған өкілі арқылы жүргізіледі.
9. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматы болып табылмайтын басқа мемлекеттің азаматтарына төлемдер уәкілетті органның басшысымен айқындалған арнайы өкілдің қатысуымен жүргізіледі.
10. Әлеуметтік төлемнің дұрыс тағайындалуы мен төленуіне бақылау жасауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
11. Тұрғын үйі өртенген немесе басқа жағдайлар бойынша тұрғын үйсіз қалған, басқа мемлекеттерден, Қазақстан Республикасының басқа облыстарынан келген белгілі тұрғылықты жері жоқ, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шиеленіскен жерлерінен қашып келіп, қайтадан отанына қайтару үшін жол қаражатына зәру босқын азаматтарға темір
жол көлігінің плацкарт вагонына төленетін бір жолғы материалдық көмекті аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған арнайы комиссия көмек алуға тапсырған азаматтардың құжаттарын қарап, шешім шығарады.
5. Әлеуметтік төлем тағайындауды тоқтату
12. Әлеуметтік төлем алушының тиісті көмекті алу құқынан сот тәртібімен немесе өзге жағдайлар бойынша айырылса немесе қайтыс болған жағдайлар әлеуметтік көмекті тағайындауды тоқтатуға негіз болып табылады.