Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығын бекіту туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 8 сәуірдегі № 28/190 шешімі. Жаңаөзен қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 мамырда № 11-2-137 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 шілдедегі № 7/68 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2012.07.25 № 7/68 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 - бабы 1 - тармағы 2) - тармақшасына, 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының 6 - бабының 4 - тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңының 6 - бабы 1-тармағы 15) - тармақшасын басшылыққа алып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің нұсқаулығы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         М. Ибағаров

      Қалалық Мәслихат
      хатшысы                                 М. Сарыев

      «Келісілді»:
      «Қалалық білім бөлімі» ММ
      бастығының міндетін атқарушы
      Қ. Тлепов
      08 сәуір 2010 ж.

      «Келісілді»:
      «Қалалық экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің» ММ
      бастығы Н.Ғұмарова
      08 сәуір 2010 ж.

Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы
8 сәуірдегі № 28/190 шешімімен
бекітілген

Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің НҰСҚАУЛЫҒЫ

      1. Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруді белгілеу және төлеуінің осы нұсқалығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы», 2004 жылғы 7 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және қалалық Мәслихаттың 2009 жылғы 21 желтоқсандағы «2010 - 2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» № 25/163 шешімін орындау мақсатында жасақталған.
      2. Қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру бойынша төлеу «Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындары мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қолдау» бюджеттік бағдарламасымен 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап, жергілікті бюджеттен бөлінеді.
      3. Білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындары мен тәрбиеленушілер үшін қалалық қоғамдық (таксиден басқа) жүру үшін жеңілдікті тағайындау және төлеу органы болып, «Жаңаөзен қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады (бұдан әрі - Бөлім).
      4. Қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру келесі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге белгіленеді:
      Орта арнаулы оқу орындарында
      5. Күндізгі оқу нысанының білім беру ұйымдары (бұдан әрі - Ұйым) оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметті қоса берілген электронды және жазбаша түрінде тапсырғаннан кейін Бөліммен жеңілдікпен жүруді тағайындау туралы шешім қабылданады.
      Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілері туралы мәліметті әр айдың 5-не дейін Бөлімге тапсырып отырады.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» № 220 Қаулысына сәйкес Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің төмендегі құжаттарының көшірмелерін Бөлімге тапсырады:
      Жеке куәлік;
      СТН;
      ЖӘК;
      Студенттік билет;
      Пластикалық карточка немесе жинақ кітапшасы
      Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің мағлұматтары өзгерген жағдайда белгіленген нысанаға сәйкес, ақпаратты уақытылы Бөлімге тапсырады.
      6.Ұйым басшылары күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілер туралы мәліметтерді ұсынғанда, қол қойып, елтаңбалық мөрмен куәландырады және көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапты болады.
      7.Берілген мәліметтер пен құжаттардың көшірмелері бойынша Бөлім алушылардың тізімін жинақтап, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) белгіленген тариф бойынша Қызылсайдан қатынайтындарға 1215 теңге, Теңгеден қатынайтындарға 729 теңге, қаладан қатынайтындарға 608 теңге есебінде әр айдың 15-не дейін арнаулы оқу орындарының есеп шотына аударып отырады. Олар өз кезегінде ол қаражаттарды әрбір оқушының өзіне қол қойдырып, төлем ведомостісі арқылы беруді рәсімдейді.
      Ескерту. 7 - тармақ жаңа редакцияда - Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2010.11.24 № 32/242 (жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      8.Күндізгі оқу нысанында оқитындар мен тәрбиеленушілерге қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүру үшін берілген бюджеттік қаражаты мақсатты жұмсалуына жауапты болып Бөлім саналады.
      9. Бөліммен бірге Ұйымдар өздерінің оқитындары мен тәрбиеленушілерінің саны мен төленген қаржы туралы әр айдың 20-на дейін салыстырмалы актісін жасап отырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады