Қала халқының Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге ат қою туралы талаптарын (пікірлерін), қалалық ономастикалық комиссиясының осы мәселелер жөніндегі ұсынысын ескере отырып, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. «Қаланың шағынаудандарындағы көшелерге ат қою туралы» қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 29/175 шешіміне және қалалық әкімдіктің 4 сәуірдегі № 468 қаулысына мына өзгеріс енгізілсін:
мынадай;
«Бостандық» шағынауданы бойынша № 12 көшеге – Нұрберген Қарабашев» деген сөйлем «Жұлдыз» шағынауданы бойынша № 23 көшеге – Нұрберген Қарабашев» деген сөйлеммен ауыстырылсын.
2. Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелерге төмендегідей аттар қойылсын:
«Мұнайлы» шағынауданы бойынша:
№ 9 көшеге - Қонай батыр
«Бостандық» шағынауданы бойынша:
№ 12 көшеге - Құрбанбаев Ізберген
№ 18 а көшеге - Қыдырғалиев Ишахат
№ 14 а көшеге - Ділмағанбетов Амандық
№ 25 көшеге - Айтқұлұлы Атақозы
№ 26 көшеге - Байдалиева Тәнім
Самал «А» шағынауданының тұсынан басталатын, Рахат, Ақсу шағынаудандарының ортасынан кесіп өтетін көлденең көшеге – Боқайұлы Қанатбай.
3. Қалалық мәслихаттың 2008 жылғы 18 ақпандағы және қалалық әкімдіктің 2008 жылғы 22 ақпандағы «Жаңаөзен қаласының шағынаудандарындағы көшелеріне ат қою туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11-2-78 нөмірмен тіркелген, «Жаңаөзен» газетінде 2008 жылғы 30 сәуірде № 18 санында жарияланған) № 6/49 шешіміне және № 372 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін.
мынадай;
«Мерей» шағынауданы бойынша № 39 көшеге - Жаңаев Төлеп» деген сөйлем «Ақбұлақ» шағынауданы бойынша № 21 көшеге - Жаңаев Төлеп» деген сөйлеммен ауыстырылсын.
«Мерей» шағынауданы бойынша № 40 көшеге - Тілеубергенов Нұрберген» деген сөйлем «Ақбұлақ шағынауданы бойынша № 17 көшеге - Тілеубергенов Нұрберген» деген сөйлеммен ауыстырылсын.
4.Жаңадан аталған көшелер аттарын жаздыртып қою қала әкіміне тапсырылсын.
3. Осы шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж.Исабергенов
Қала әкімі О.Сарбөпеев
Қалалық Мәслихат
хатшысы М.Сарыев