Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі туралы

Күшін жойған

Бейнеу ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 54 қаулысы. Бейнеу ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 мамырда № 11-3-100 тіркелді. Күші жойылды - Бейнеу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 187 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Бейнеу ауданы әкімдігінің 2012.12.28 №  187 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңдарына сәйкес аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық - құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 40 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі туралы» (аудандық «Рауан» газетінде 2009 жылғы 18 маусымда жарияланған) қаулысы жойылсын;
      2) Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 67 «Аудандық әкімдіктің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 40 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына тәрбиеленушілерді қабылдау үшін өтініштерді есепке алу, жолдамаларды рәсімдеу мен беру және бюджеттік топтарға қабылдау тәртібі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-78 рет санымен тіркелген, аудандық «Рауан» газетінде 2009 жылғы 18 маусымда жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әбілшеевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                       А.Ұлұкбанов

Аудандық әкімдіктің
2010 жылғы 29 наурыздағы
№ 54 қаулысымен бекітілген қосымша

Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар ұйымдық - құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау ережесі

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 желтоқсандағы № 1353 «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысымен бекітілген «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы Нұсқаулыққа» сәйкес жасақталды.
      2. Мектеп жасына дейінгі балаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 6 - бабы 5 - тармағының 1) - тармақшасына сәйкес село, селолық округтердің әкімдері жүргізеді.
      3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 30 - бабына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда бір жастан бес жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу және бес жастан бастап балаларды мектепке дейінгі оқыту жүзеге асырылады.
      4. Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналасуға қабылдау онда бос орынның болуына қарай жыл бойы жүргізіледі.
      5. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау үшін өтініштерді аудан орталығында «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің аппараттары есепке алуды жүргізеді.
      6. Өтініштерді қабылдау, тіркеу және қарау Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құрылтайшының атынан аудан орталығында «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ауылдық елді мекендерде село, селолық округ әкімдерінің жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық - эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде бір жастан алты (жеті) жасқа дейінгі балалар қабылданады.
      8. Мектепке дейінгі білім беру ұйымына жолдама беру тіркелу кезегіне сай жүргізіледі.
      9. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ата - аналардан немесе оларды алмастыратын адамдардан баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды. Тамақтандыруға арналған шығын мөлшері белгіленген нормаларға сәйкес нарықтағы қалыптасқан орташа баға негізінде және инфляция көрсеткішін ескере отырып мемлекеттік басқару органы – «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бекітіледі.
      10. Жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда ұстау үшін төлемақы алынбайды, бұл шығындар бюджет есебінен жабылады.
      11. Көп балалы отбасылардың, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларын, қорғаншылықтағы және патронаттағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдарда ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының  мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтандыруға арналған шығындардың  20 пайызы мөлшерінде төленеді, қалған 80 пайызы мөлшері бюджет есебінен жабылады.
      12. Осы ереженің 10, 11 - тармақтарында көрсетілген санаттағы балалардың ата-аналары немесе оларды алмастыратын адамдар мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау жөніндегі жолдамамен қоса жеңілдіктер алуға құқық беретін төмендегідей құжаттарды тапсырады:
      жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – аудандық білім беру бөлімінің баланың қорғаншылыққа немесе патронаттыққа алынғаны туралы шешімі мен қорғаншының (патронатқа алған адамның) куәлігінің көшірмесі;
      көп балалы отбасылардың балалары үшін – үй кітабының көшірмесі немесе отбасының құрамы туралы анықтама;
      атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балалары үшін – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әр тоқсан сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаны жөніндегі анықтамасы;
      қорғаншылықтағы және патронаттағы балалар үшін – аудандық білім беру бөлімінің баланың қорғаншылыққа немесе патронаттыққа алынғаны туралы шешімі мен қорғаншының (патронатқа алған адамның) куәлігінің көшірмесі.
      13. Мектепке дейінгі ұйымдарда белгіленген тәртіппен ата - ананың немесе оларды алмастыратын адамдардың таңдауы негізінде білім беру, сауықтыру және өзге де сипаттағы қосымша ақылы қызмет түрлері көрсетіледі. Бұл қызметтердің жыл сайынғы құнын мемлекеттік басқару органы – «Бейнеу аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітеді.
      14. Мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар мен алаңдар болған кезде ата - аналардың қаражаты есебінен баланы ұстау құны толық төлене отырып коммерциялық топтар ашылуы мүмкін.
      15. Мектепке дейінгі ұйымдарда мынадай жағдайларда:
      1) бала ауырып қалғанда;
      2) бала медициналық, санаторийлік - курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;
      3) ата - анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;
      4) бала жазғы маусымда екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылғанда баланың орны сақталады.
      16. Мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары, сондай - ақ мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.
      17. Мектепке дейінгі ұйым мен ата - аналар немесе оларды алмастыратын адамдар (тұлғалар) арасындағы өзара қарым-қатынастар баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау кезінде жасалатын шартпен реттеледі. Шартта баланың мектепке дейінгі ұйымға бару режимі, тамақтану саны, оқыту, тәрбиелеу, бағу және сауықтыру қызметтерінің деңгейі мен мөлшері, мектепке дейінгі ұйымда баланы ұстау ақысының мөлшері, қосымша ақылы қызметтер түрлері мен мөлшері және өзге де жағдайлар айқындалады.
      18. Мектепке дейінгі білім беру ұйымының басшысы жолдама берген мемлекеттік органның келісімімен баланы ұйымнан мынадай жағдайларда:
      1) баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайынғы төлемақы он күннен астам мерзімде уақтылы төленбегенде;
      2) бала дәлелсіз себептермен және әкімшілікті жазбаша ескертпестен балабақшаға бір айдан астам мерзім келмегенде;
      3) баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды болғанда шығарады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады