2010 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1983-1992 жылы туылған азаматтарды Қазақстан Республикасының қарулы күштері қатарына мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 6 сәуірдегі № 103 қаулы. Қарақия ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 12 сәуірде № 11-4-104 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ, Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылдың 8 шілдедегі № 74-ІІІ Заңы «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шақыру туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 1983 - 1992 жылы туылған азаматтарды кезекті міндетті әскери қызметке шақыру 2010 жылдың сәуір-маусым және қазан - желтоқсан айларында шақыру комиссиясының құрамы Жаңаөзен қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі базасында ұйымдастырылсын.

      2. Кент, село әкімдері және ұйымдардың басшылары көрсетілген азаматтарды міндетті әскери қызметке шақыруға байланысты тиісті міндеттерін орындау үшін азаматтардың қорғаныс істер жөніндегі бөліміне шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың тиісті құжаттарымен шақыру пунктіне белгіленген мерзімде автокөлікпен жеткізілу қаматамасыз етсін.

      3. Қарақия аудандық ауруханасының бас дәрігері Б.Төлешов (келісім бойынша) 1983-1992 жылдар аралығында туылған әскерге шақырылатын азаматтарды медициналық тексерістен өткізуде тәжірибелі маман дәрігерлерді қамтамасыз етсін.

      4. Әскерге шақырылғандар мен оларды шығарып салушылар арасындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруде аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы М.Қожаев (келісім бойынша) қажетті саладағы қызметкерлер бөлуді қамтамасыз ету жүктелсін.

      5. Жаңаөзен қалалық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығына (Д.Қоңқаев) 2010 жылғы желтоқсан айының 30-на дейін аудан әкімдігі қаулысының орындалысы туралы жазбаша ақпарат беру жүктелсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Сүйеуоваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             Ә.Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады