Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы мәслихатының 2011.08.02 № 35/316 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Т.Ерманов
Аудандық Мәслихат хатшысы Ж.Жапақов
«КЕЛІСІЛДІ»
Каимова Сәнімгүл Нақыпқызы
«Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________
«___»_____2010 жыл
Шабикова Рима Нерражимқызы
«Маңғыстау аудандық экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________
«___»_____________2010 ж
Аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 28/267 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға(азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы»
шешіміне қосымша
Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» (бұдан әрі-Тәртіп), Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы», 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңдарына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» Қаулыларына және 2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
кондоминиум обьектісін басқару органы – кондоминиум обьектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын «Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
жергілікті атқарушы органға жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
3. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум обьектілерінің ортақ мүлікті күрделі жөндеуге немесе күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегі, егер коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемі және тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне жұмсалған отбасының шығындары отбасының жиынтық табысының он проценттік үлесінен артық болса тағайындалады.
Тұрғын үй көмегін есептеуде қолданылатын тұрғын үй шығындарының мөлшері және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормалары (тұрғын үй шығындары, жылу және сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, электр жабдықтау, қоқыс шығару, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару және лифт қызметі) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес белгіленеді.
5. Тұрғын үй көмегі ай сайын коммуналдық қызметтер шығындарының орнын толтыруға арналған төлемақы түрінде Маңғыстау ауданында тұрақты тұратын мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға беріледі.
Мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға тұрғын үй көмегінің мөлшері отбасының жиынтық табысы есепке алынбай, әр қаржылық жылға сәйкес аудандық бюджеттен коммуналдық қызметтер шығындарын өтеуге қаржы бөлінеді.
6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыруға арналған төлемақы Маңғыстау ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) берілетін тұрғын үй көмегі құрамында жүзеге асады.
7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтері көрсетілгені үшін төленетін абоненттік төлем тарифі өсімінің орнын толтыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен анықталады.
8. Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің Ережесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
9. Тұрғын үй көмегінің мөлшері коммуналдыық қызметтер үшін есептелген нақты төлем сомасынан аспауы керек.
10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері ай сайын сол айға бекітілген тарифтер тұрғын үйді ұстауға шыққан шығындар мен пайдаланылған коммуналдық қызметтер шығындары құны негізінен есептеледі.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады.
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
отбасының табысын растайтын құжаттар;
кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шот;
жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум обьектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондоминиум обьектісінің басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум обьектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот;
коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшері туралы жергілікті атқарушы орган берген шот.
12. Тұрғын үй көмегі, оны алуға құқығы бар жағдайда, өтініш берген айдан бастап сол тоқсанға тағайындалады.
Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Маңғыстау облысы бойынша Маңғыстау аудандық филиалының тізімінің негізінде мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға тұрғын үй көмегі тұрақты түрде төленеді.
Отбасының (азаматтың) табыстарын растайтын құжаттар тоқсан сайын ұсынылғаннан кейін тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу жүргізіледі.
13. Өзге адамның көмегіне мұқтаж он алты жасқа дейінгі бала күнінен мүгедектерді, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын азаматтарды, еңбекке жарамды жұмыс жасамайтын және уәкілетті органда тіркелмеген азаматтары бар отбасыларға, сондай-ақ меншігінде біреуден артық тұрғын үйі бар немесе үйін жалға берген азаматтарға тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
14. Уәкілетті орган жалған ақпарат беру арқылы заңсыз түрде алынған тұрғын үй көмегі заңнамада белгіленген тәртіп бойынша қайтарылып алынады.
15. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан немесе қоғамдық жұмыстарға қатысудан кәсіптік даярлау, қайта даярлаудан, кәсіптілігін арттырудан себепсіз бас тартқан және оқуға қатысуды өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айрылады.
16. Ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән туған жағдайда уәкілетті орган құжаттарды учаскелік комиссияға беріп, өтініш берушінің және оның отбасының материалдық жағдайын тексертуге, тиісті органдардан тұрғын үй көмегін тағайындауға қажет мәліметтерді сұрата алады.
17. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы тұрғын үй көмегін алуға тапсырылған құжаттар негізінде анықталады.
Отбасының жиынтық табысына жергілікті өкілді органның шешімі бойынша өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмектен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектен, тұрғын үй көмегінен өзге белгіленген мерзімде ақшалай немесе табиғи нысан түрінде алынған барлық нақты табысы кіреді.
Отбасының (азаматтың) жиынтық табысына сондай-ақ мыналар қосылады:
табысы жоқ отбасылар үшін тұрғын үй көмегін есептеу үшін өткен тоқсандағы жиынтық табысы ретінде кедейлік шегінің мөлшері алынады;
егер табысы жоқ отбасында коммерциялық бөлімде оқитын студенттер болса, оқуға төленетін бір жылғы төлем сомасы есепке алынады.
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
18. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
19. Уәкілетті орган ай сайын тағайындалған тұрғын үй көмегінің сомасын көрсетіп, көмек алушылардың тізімін жасайды.
20.Тұрғын үй көмегін алушылардың мекен-жайы бойынша тағайындалған көмек сомасы азаматтардың есеп шотына аударылады.
21.Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган жергілікті өкілді органдар айқындаған тәртіппен екінші деңгейдегі банктер және пошталық байланыс қызметтері арқылы жүзеге асырады.
4. Есеп беру
22. Уәкілетті орган тағайындалған тұрғын үй көмегінің негізінде ай сайын тағайындалған көмек сомасына екі данада салыстыру актісін жасайды.
23. Уәкілетті орган Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына тағайындалған және төленген тұрғын үй көмегінің сомасы туралы тоқсан сайын мәлімет береді.
5. Бақылау
24. Тұрғын үй көмегінің дұрыс тағайындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.