2010 жылдың сәуір-маусым қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 53 қаулысы. Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 сәуірде № 11-6-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 08 маусым 2005 жылғы Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын, 2010 жылдың сәуір – маусымында және қазан-желтоқсан кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» 2010 жылдың 29 наурызы № 960 санды Жарлығына сәйкес, 2010 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында азаматтардың мерзімді әскери қызметке уақытылы шақырылуын қамтамасыз ету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2010 жылдың сәуір - маусым айларында 18 - ден 27 жасқа толған әскери қызметке шақыруын кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуы жүргізілсін.

      2. Төмендегі құрамда аудандық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:
      Сүйеубаев Қуаныш Жұмабекұлы - комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, (келісім бойынша)
      Жолдыбаева Ләззат - комиссия төрағасының орынбасары, аудан әкім аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жетекшісі,
      Комиссия мүшелері
      Тлегенов Ержан Санақбаевич - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)
      Шалабаева Гүлшат Бақытқызы - аудандық емхананың бас дәрігері, медициналық комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)
      Акыбаева Гульназ - комиссия хатшысы, денсаулық нығайту орталығының мейірбикесі (келісім бойынша)

      3. Шақыру комиссиясының төрағасының орынбасарына, село, поселке село әкімдері, ішкі істер қызметкерлерін аудандық емхананың бас дәрігерін шақыруға қатысты кәсіпорын, мекеме басшыларын қатыстыра отырып, нұсқаулау - ұйымдастыру кеңесін өткізу тапсырылсын.

      4. Аудандық емхананың бас дәрігері Г.Шалабаева аудандық комиссиясының қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырысы бойынша жеткілікті мөлшерлерде бұрын шақыру комиссиясының құрамында жұмыс тәжірибесі бар маман дәрігерлермен, құралдармен, желеңдермен қамтамасыз етсін. Жалғанды: /қосымша № 1/, сонымен қатар:
      1) әскерге шақырылған азаматтардың флюрографиядан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақырылған азаматтардың өкпе (туберкулез), трахома, бұлшықет, сүйек, буын органдарының тізімін, дәрігерлік бақылау мен диспансерлік байқаудың мәліметтерін табыс ету;
      3) комиссияның маман дәрігерлерін қажетті аспаптармен, рентгенпленкасымен, флюропленкамен, электрокардиографияға арналған қағазбен қамтамасыз етсін;
      4) әскерге шақырылғандардың комиссиядан өту кезінде оларға қажетті егу жұмыстарын жүргізсін.

      5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Қобыландин (келісім бойынша) әскери міндетін өтеуден қашып, іздеуде жүрген азаматтарды жеткізіп беруін қадағалау, дәрігерлік комиссияның кезінде және әскер қатарына шақырылған азаматтарды облыстық жиын пунктіне жіберілу кезінде аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін қызметкерлерді бөлуді ұйымдастыру ұсынылсын. Жалғанды: /қосымша № 2/

      6. Аудандық мәдениет үйінің директорына (С.Құлжарасов) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен келісе отырып, әскер қатарына шақырылатын азаматтардың салтанатты түрде соғыс ардагерлерімен, Отан алдындағы борышын өтеп келген азаматтармен кездесуін ұйымдастырсын.

      7. Село поселке әкімдеріне, меншік нысандарына қарамастан мекемелер, ұйымдар мен оқу орындарының басшыларына, әскерге шақырылушыларды шақыру комиссиясынан өтуге қажетті мезгілде жұмыстан (оқудан ) босатуды, әскерге шақырылушыларды іс сапардан, еңбек демалысынан кері шақырылып алынсын және әскери есеп мамандарына немесе кадр бөліміне қаулының басшылығымен олардың уақытылы келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

      8. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Қ.Сүйеубаев әскерге шақыру бойынша қорытынды хабарламаны аудан әкіміне 2010 жылдың маусымның 25 - не дейін ақпарат беру ұсынылсын.

      9. Аудан әкімдігінің 23 сәуір 2009 жылғы № 169 «2009 жылдың  сәуір – маусым қазан - желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды өткізу туралы» (Аудандық әділет басқармасында 20 мамыр 2009 жылы № 11-6-92 болып тіркелген, аудандық Ақкетік арайы газетінің 27 мамыр 2009 жылғы № 33-34 жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

      10. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары О.Б.Жарылғаповаға жүктелсін.

      11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                             С.Ө.Трұмов

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 07 сәуірдегі
№ 53 санды қаулысына
Қосымша 1

Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге дәрігерлік сараптамадан өткізуге тартылатын дәрігер мамандардың
ТІЗІМІ

      1. Терапевт - Мусина Айтолқын Сматуллақызы
      2. Тері - мерез ауруларының маманы - Ерманова Гүлшат Ақбердіқызы
      3. Тіс дәрігері - Боқаева Айтөре Нұрғалиқызы
      4. Оташы - Гумарова Жанна Наурызовна
      5. Психиатр - облыстан алдыру
      6. Фтизиатр - Қани Кенжеғали Тәжіғалиұлы
      7. Лор - Өрбісінова Гүлжихан Мекеқызы
      8. Көз дәрігері – Мұрынов Жұмабек Көшкінбайұлы
      9. Невропатолог - Богерова Сәнімжан Нұрғалиқызы

      Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне тіркелетін азаматтарды дәрігерлік сараптамадан өткізуге тартылатын дәрігер мамандар дәлелді себептермен келмей қалған жағдайда оларды ауыстыратын мамандар тізімі:

      1. Терапевт - Есжанова Әлия Бүркітқызы
      2. Тіс дәрігері - Қиынова Жанар
      3. Оташы - Измаилов Қанат
      4. Фтизиатр - Балтабаева Маржан
      5. Невропатолог - Жексембекқызы Ақерке

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы 07 сәуірдегі
№ 53 санды қаулысына
Қосымша 2

Түпқараған аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне әскер қатарына шақырылатын азаматтардың уақытында келуін қамтамасыз ететін іздестіру тобы

Тегі,аты-жөне лауазымы

Мекеме аты

1

Икенбаев Қуаныш Төлегенұлы

«Түпқараған аудандық ішкі істер бөлімі» ММ Аймақтық полиция инспекторы

2

Алпанов Еркін Меңдіқұлұлы

«Түпқараған ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» ММ бөлімше бастығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады