Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 мамырдағы № 7/45 "Азаматтардың жекелеген санаттағы тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Түпқараған аудандық мәслихатының 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 28/175 шешімі. Түпқараған ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 6 мамырда № 11-6-118 тіркелді. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012 жылғы 02 шілдедегі № 4/30 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Түпқараған аудандық мәслихатының 2012.07.02 № 4/30 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 23 мамырдағы аудандық мәслихаттың № 7/45 шешімі (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-6-59 болып тіркелген, «Ақкетік» арайы газетінің 2008 жылғы 15 шілдедегі № 35 (246) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Аталған шешімнің № 1 қосымшасымен бекітілген «Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету тәртібінің» 6 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тұрғын үй жәрдемақысы - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, қалған санаттағы азаматтарға – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленсін».
      2. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы:                        А.Шарипов

      Аудандық мәслихат хатшысы:              А.Досанова

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің
      бастығы А.Қазиева
      09 сәуір 2010 жыл

      Аудандық экономика және қаржы
      бөлімінің бастығы
      С.Қани
      09 сәуір 2010 жыл

Аудандық мәслихаттың 2010 жылғы
09 сәуірдегі № 28/ 175 шешіміне
№ 1 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек көрсету Тәртібі

      1. Азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді ұстауға және пайдаланылған коммуналдық қызмет төлемдерін өтеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - тұрғын үй көмегі) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысында қаза болған, өлген, хабарсыз кеткен жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға, жалғызілікті зейнеткерлерге көрсетіледі.
      2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) болып табылады.
      3. Тұрғын үй көмегі Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығының жасақтаған алушылар тізімдері негізінде ай сайын тағайындалады.
      4. Уәкілетті орган ай сайын тапсырылған құжаттардың негізінде тұрғын үй көмегін алушы жалғызілікті зейнеткерлер тізімін жасақтайды.
      Жалғызілікті зейнеткерелерге тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттар:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      3) тұрғындар есебі кітабының көшірмесі;
      4) зейнетақы алушы кітапшасының көшірмесі;
      5. Өтініш беруші азаматтар табыс еткен құжаттардың дұрыстығына толық жауаптылық тартады. Төлем жүргізілгеннен кейін деректердің анық еместігі айқындалған жағдайда, заңсыз төленген сомалар заңнамамен белгіленген тәртіппен кінәлі адамдардан өндіріледі.
      6. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен «Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне - 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, қалған санаттағы азаматтарға - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ай сайын төленеді.
      7. Тұрғын үй көмегінің дұыс тағайындалып мерзімінде төленуіне Уәкілетті орган жауаптылық тартады.
      8. Түпқараған аудандық зейнетақы төлеу орталығы алушылар тізімдерінің дұрыс және мерзімінде жасақталуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады