Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 қаңтардағы № 71 қаулысы. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 19 ақпанда № 9-1-143 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 2519 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2011.12.09 № 2519 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 79-бабына, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету үшін құжаттар ресімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 қаулысына, "Қостанай қаласының 2010-2012 жылдарға арналған бюджеті туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 шешіміне сәйкес, "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық бюджеттен келесі әлеуметтік төлем түрін көрсету қамтамасыз етілсін:
      үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) 2010 жылға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз есе көлемінде тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек.
      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан былай – уәкілетті орган) әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу бойынша уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Мыналар белгіленсін:
      1) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) әлеуметтік көмек көрсетіледі;
      2) үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар ата-аналарына (заңды өкілдеріне) ағымдағы тоқсанға арыз берген айынан бастап әлеуметтік көмек тағайындалады және тиісті оқу жылы бойы төленеді;
      3) мүгедек-балалар интернат-үйлерінде немесе санаторлық мектептерде тұратын кезде әлеуметтік көмек төленбейді.
      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің орынбасары М. Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.

      Қостанай қаласының
      әкімі                                      Ж. Нұрғалиев

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы            В. Рубинский

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Л. Кураева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады